Немере туған күнің құтты болсын!

Балам – балым, немере – жаным» деген қазақпыз ғой, әулетіміздің жалғасы – өсіп келе жатқан кішкене балапанымыз елінің арқа сүйер үлкен азаматы болсын.

Бұл дүниенің ең қызығы немере
Қанат жайып өсе берсін кереге
Шаңыраққа уық болып шаншылып
Келе берсін немере мен шөбере

Оның иісі елден ерек тамаша
Жүрегіңнің соғуы да жаңаша
Шайға салған қант секілді ерисің
Ата деген бір сөзіне балаша

Сұрағанын іздеп тауып бересің
Шаршасаң да жүрші десе ересің
Барған жерде қонақтардан ұялмай
Дастарханнан кәмпиттерді тересің

Мәз мейрамсың оның әрбір ісіне
Іздейсің кеп көрінбесе көзіңе
Өмір бойы армандаған бақытың
Осы емес пе іздегенің өзіңе

Өз балаңнан ыстық болар немере
немересі жоқ адамдар сене ме?
Шаңыраққа уық болып қадалып
Тола берсін немере мен шөбере.