Алпыс жасқа толған туған күніңмен құттықтау — тілек!

Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көшелі бір азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты ағамыз …………… бұл күнде 60 жастың асқарына шығып, бәрімізді қуантып отыр.

Жасынан ел басқару ісіне араласып, осы жолда көп белес – биіктерден өткен қымбатты ағамызға, әкеміз, атамызға алда да тасыңыз осылай өрге домалай берсін, көргеніңіз тек қызық болып, ел-жұртыңызды жаңа табыстарыңызбен қуанта бергейсіз демекпіз.

Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына
Көз түсті жеткеннен соң алпыстың асқарына…
Ақ бояу самай менен, бақ сыйлап бастарыма.
Жетпістің жотасына жетпеген жаста мына
Жаудырам алғысымды көрші мен достарыма,
Ұл-қызым, немере мен шөбере – жастарыма!