Токио Олимпиадасының медалі қандай болады?
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшыларға берілетін медалдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды.
Германияда 1 наурыздан бастап Covid экспресс-тесті тегін болады
Германия 1 наурыздан бастап азаматтарына коронавирус экспресс-тестін тегін ұсынады. Экспресс-тест адам ағзасында вирустың антигені бар-жоғын тексереді.
Испания туристер үшін шекарасын ашуға дайындалып жатыр
Жазда Испанияға коронавирусқа қарсы вакцина салдырған және ПТР анықтамасы бар туристер кіре алады.
Перудың бұрынғы президенті мен шенеуніктері жасырын вакцина алғаны үшін айыпталды
Перудың уақытша президенті Франсиско Сагасти Перудың бұрынғы және қазіргі үкіметінің 500-ге жуық шенеунігі COVID-19-ға жасырын түрде вакцина алғанын мәлімдеді
10 елде коронавирустың мутациясы анықталды
Жаңа мутация вирус үлгілерінің геномын ретке келтіру арқылы 10 елде, соның ішінде Ұлыбританияда анықталған.
Гвинея Эбола эпидемиясының басталғанын хабарлады
Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Жапонияда Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берілді
Бұл - мемлекет аумағында рұқсат берілген бірінші фирма.
Дональд Трамп импичмент рәсімінде ақталып шықты
Экс-президент Дональд Трампты айыптау қорытындысын шығару үшін дауыс жетпеді. Бұл туралы "Голос Америки" сайты хабарлады.
Вашингтонда штаттағы миллиардерлерден бір пайыздық салық алу ұсынылды
Джефф Безос Вашингтон бюджетіне 2 миллиард доллар табыс салығын төлеуге міндеттеуі мүмкін. Бұл туралы Unilad сайты хабарлады.
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлын вице-премьер қызметіне тағайындады
Түрікменстан президенті ел үкіметі мен Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысында жарлыққа қол қойды. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.