АҚШ Беларусь шенеуніктеріне санкция салды
Америка Құрама Штаттары мемлекекеттік департаментінің мәліметінше, "қара тізімге" сот, прокуратура мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген. Енді олар АҚШ аумағына кіре алмайды.
Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр
Pfizer және BioNTech команиялары жүкті әйелдерге COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина сала бастады.
Өзбекстан “Спутник V” вакцинасын қолданатын болды
Ресейдің Гамалея ғылыми-зерттеу орталығы жасаған "Спутник V" вакцинасын Өзбекстанда қолдануға рұқсат берілді.
Түркияда наурыздан бастап COVID-19 шектеулері жеңілдейді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер жергілікті эпидемиология жағдайына қарай біртіндеп жеңілдейді.
Мысыр президенті отбасыларды екі баладан артық тумауға үндеді
Үкімет туудың жоғары деңгейі мемлекеттің өміріне теріс әсер етеді деп алаңдап отыр.
Токио Олимпиадасының медалі қандай болады?
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшыларға берілетін медалдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды.
Германияда 1 наурыздан бастап Covid экспресс-тесті тегін болады
Германия 1 наурыздан бастап азаматтарына коронавирус экспресс-тестін тегін ұсынады. Экспресс-тест адам ағзасында вирустың антигені бар-жоғын тексереді.
Испания туристер үшін шекарасын ашуға дайындалып жатыр
Жазда Испанияға коронавирусқа қарсы вакцина салдырған және ПТР анықтамасы бар туристер кіре алады.
Перудың бұрынғы президенті мен шенеуніктері жасырын вакцина алғаны үшін айыпталды
Перудың уақытша президенті Франсиско Сагасти Перудың бұрынғы және қазіргі үкіметінің 500-ге жуық шенеунігі COVID-19-ға жасырын түрде вакцина алғанын мәлімдеді
10 елде коронавирустың мутациясы анықталды
Жаңа мутация вирус үлгілерінің геномын ретке келтіру арқылы 10 елде, соның ішінде Ұлыбританияда анықталған.