Домой Теги жаңа жыл

жаңа жыл

Бұл беттен сіз "жаңа жыл" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: балық (6), Балық салат (2), дәмді салат (8), жаңа жыл (3)

Балық қосылған салат

Бізге керегі:
  • Сәбіз – 2дана
  • Ұсақ балық – 500г
  • Пияз
  • Өсімдік майы – 2 ас қасық
  • Қияр – 2 дана
  • Тәтті қызыл бұрыш дәміне қарай
  • Сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке суы 9%
  • Аскөк
  • Тұз
Салаттар дайындау суретімен: Пиязды дөңгелектеп тураймыз да сірке суын құямыз. Сәбізді тазалап , ұзыншалап жіңішке етіп тураймыз. Содан сон сәбіз бен пиязымызды араластырып, қыздырылған өсімдік майын құямыз. Ұсақ балықтарымызды қайнаған суға үш минуттақа саламыз. Әрі қарай ұсақ балықтарымызды алып, суытып майдалап тураймыз. Қиярды ұзыншалап тураймыз тұз сеуіп сарымсақты үкіштен өткізіп бирге араластырамыз. Енді барлығын араластырып, тоңазтқышқа қоямыз. Дастарханға қоярда аскокпен сәндеп қоямыз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Жаңа жылға шырша печеньесі

Қамырына:
  • 1 стакан қант, кишкене тұз.
  • 100г сары май
  • 2 дана жұмыртқа
  • Лимон шырыны және қабығының үгіндісі
  • 200г мендаль
  • 150г ұн
  • Қант ұнтағы
Жаңа жылдық печеньелердің дайындалуы: Ұнды аламыз оған қант, жұмыртқа және лмон шырыны мен үгіндісін , корицаны қосамыз да жақсылап қамырын илейміз. Соңынан мендалды майдалап қосып дайын қамырымызды жұлдыша формасымен кесеміз. Дайын печеньелерімізді табамызды майлап, салып пісіреміз. Піскен соң суытып шырша ұксатып үсті-үстіне қойып бетінен қант ұнтағын себеміз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Жаңа жылдық тәттілер

Құрамы:
  • 1 ас қасық сары май
  • 1 плитка қара шоколад
  • 4 ас қасық сұлы жармасы
  • 2 ас қасық қант
  • Жаңғақ
Жаңа жылдық кәмпиттердің жасалуы: Су буында шоколадымызды ерітіп аламыз. Еріген соң арнайы кәмпиттерге арналған формаларға құямыз. Құйған соң біраз суығанын күтеміз. Енді табаны алып, баяу отта сары майды ерітеміз де оған қантты қосыпараластырамыз. Қант еріген соң жаңғақты және сұлы жармасын саламыз. Барлығын баяу отта жаймен араластырып тұрамыз. Бұл қоспамызды формадағы шоколадтың үстінен әр қайсысына құйып шығамыз. Үстін өз қалауыңызша жаңғақтармен немесе ақ шоколадты ерітіп сәндеуіңізге болады. Дайын кәмпитерімізді тоңазтқышқа қоямыз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР