Домой Теги жүгері

жүгері

Бұл беттен сіз "жүгері" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: жүгері (2)

Жүгері қайнатқыңыз келсе…

Жақсы жүгері таңдағыңыз келсе, мына қасиеттеріне назар аударыңыз: жас жүгерінің дәндерінің түсі ашық сары, собығы аса үлкен де, ұзын да емес, дәндерінің қатары біркелкі әрі қатты болуы қажет. Ең алдымен жүгеріні жақсылап жуып, лас собықтарынан тазартып алыңыз, таза жапырақтарының сол қалпында тұра бергені дұрыс, олар жүгеріге хош иіс пен жағымды дәм береді. Қатайып кетпес үшін жүгеріні тұзсыз қайнатады. Өзегін тағам ретінде пайдалануға болмайды. Оны шұңғылы және жуандау келген, қақпағы бар ыдысқа қайнатқан жөн. Су жүгеріден бірнеше сантиметр асып тұруы керек. Қысқа толқынды пеште 10-2 минут, булатқышта 15 минут, жылдам қайнатқышта (скороварка) 5-10 миунт қайнатсаңыз жеткілікті.

Консервіленген жүгері мен қырыққабат қосылған салат

img_0348 Бізге қажет болады:
  • консервіленген жүгері
  • қырыққабат
  • қызанақ
  • қияр
  • сұйық май
  • тұз
Қырыққабатты майдалап тураңыз да, ұзынша туралған қияр мен төртбұрыштап туралған қызанақпен араластырыңыз. Жүгері қосып, талғамыңызға қарай тұздаңыз. Маймен қосып араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР