Home Tags қызанақ

Tag: қызанақ

Үй жағдайында пицца дайындау

IMG_6354 (Large) Пиццаның қамырын дайындау үшін:
  • Ұн - 1 стақан (200 мл)
  • Ашықты - 2 шәй қасық
  • Су - 10 ас қасық
  • Тұз - 0,5 шәй қасық
  • Сұйық май - 0,5 ас қасық
Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз. 20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.
Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.
Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз. IMG_6309 (Large) IMG_6313 (Large) Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз. IMG_6318 (Large) IMG_6326 (Large) IMG_6332 (Large) Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз. IMG_6335 (Large) IMG_6353 (Large)Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын ^_^ Дайындаған: RakishevaA
Қызанақтан салат жасау

Қыздар фигурасына пайдалы қызанақ қосылған салат

Қызанақтан салат жасау Бізге қажет болады: -1 банка - консервіленген фасоль, -100 г -краб таяқшылары, -2 дана қызанақ (помидор), -3 дана -сарымсақ, -3 шай қасық -йогурт, -тұз, -түрлі-түрлі перецтер қажетіңізге қарай. Дайындалуы: Краб таяқшалары мен қызанақтарды майдалап тураймыз. Оны фасольмен араластырып, сарымсақ, тұз және перецті қосамыз. Үстіне йогуртты құямыз және аздап араластырамыз. Дайын болды. Асыңыз дәмді болсын!
макарон тағамы, макарон пісіру, піскен макарон, макарон

Духовкада піскен макарон тағамы

макарон тағамы, макарон пісіру, піскен макарон, макарон
  • 1 пакет Сұлтан макарондары
  • 1 үлкен пияз
  • 150 гр фарш
  • 150 гр сыр
  • 1 қасық сары май
  • 2 қызанақ
Макарондарды тұзды суға пісіріп алыңыз да артық суды төгіп, сары маймен араластырыңыз. Пиязбен фаршты майға қуырыңыз. Қызанақтарды төртбұрыштап тұраңыз. Осының бәрін араластырып, май жағылған ыдысқа қойып, үстіне үгілген сырды себіңіз. Үстін фольгамен жауып, духовкада 15-20 минут пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын. Дереккөз: aspazdik.com
фарш,үлкен асқабақ(кабачок), ащы бұрыш, көк бұрыш, саңырауқұлақ,қызанақ,түйір сарымсақ,пияз тұз,аскөк, кептірілген жалбыз

Ет қуырмасы мен асқабақ (кабачок) тағамы

фарш,үлкен асқабақ(кабачок), ащы бұрыш, көк бұрыш, саңырауқұлақ,қызанақ,түйір сарымсақ,пияз тұз,аскөк, кептірілген жалбыз
  • 200 гр фарш
  • 1 үлкен асқабақ(кабачок)
  • 1 ащы бұрыш
  • 1 көк бұрыш
  • 2 дана саңырауқұлақ
  • 1 қызанақ
  • 1 түйір сарымсақ
  • 1 пияз
  • тұз және аскөк
  • 1 ш.қ. кептірілген жалбыз
Алдыменен жалбызды + сарымсақты + ащы бұрышты майға қуырып алыңыз. Пиязды майдалап турап қосыңыз. Пияз сәл қуырылып болған соң, етті қосып қуырамыз. Қызанақты аршып, қосыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. Сарымсақ пен көк бұрышты турап қосыңыз. Кабачокты аршып, 1 см қалыңдықтағы ұзыншаларға тураңыз. Етке қосып, араластырыңыз. Қайнаған су қосып, астын басып бұқтырыңыз. Су тартыла бергенде, аскөк қосып жайлап араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын!