Домой Теги қырыққабат

қырыққабат

Бұл беттен сіз "қырыққабат" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді салат (8), салат (14), қырыққабат (7)

Қырыққабат қосылған салат

img_7859 Бізге қажет болады: - 1 кішкентай жас қырыққабат - 2 қызанақ - 2 қияр - жарты лимон - 2 ас қасық зәйтун майы - жарты ас қасық тұз - 2 ас қасық “кебекті” бұрыш - ақжелкен мен аскөк untitled Қырыққабатты ірі төртбұрыштарға тұраңыз. Қияр мен қызанақты да ірілеп тұраңыз. Аскөкті да тұрап қосыңыз. Ақжелкеннің жапырағын қолмен үзіп қосыңыз. Енді, ең маңыздысы – соусы: зәйтун майына тұз, бұрыш, жарты лимон суын қосып жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны салатқа қосып, араластырыңыз. Соустың салатқа жақсы сіңуі үшін, дайын салатты 5-10 минутқа тоңазатқышқа қойғаныңыз абзал. Ас болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Екі түрлі қырыққабат салаты

қырыққабат Бізге қажет болады: - қызыл қырыққабат - қырыққабат - лимон жартысы - зәйтун майы - аздап тұз - қызыл бұрыш (optional) Қызыл қырыққабатты тураңыз. Тұз бен лимон суын қосып араластырыңыз. Суы шыққанға дейін қойып қойыңыз. Кәдімгі қырыққабатты да тураңыз. Аздып тұзды лимон суымен араластырыңыз. Енді екі салатқа да (бөлек-бөлек немесе араластырып) зәйтун майын қосыңыз. Араластырып табаққа сәндеп қойыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Консервіленген жүгері мен қырыққабат қосылған салат

img_0348 Бізге қажет болады:
  • консервіленген жүгері
  • қырыққабат
  • қызанақ
  • қияр
  • сұйық май
  • тұз
Қырыққабатты майдалап тураңыз да, ұзынша туралған қияр мен төртбұрыштап туралған қызанақпен араластырыңыз. Жүгері қосып, талғамыңызға қарай тұздаңыз. Маймен қосып араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Қызыл қырыққабат қосылған салат

Қызыл қырыққабат Бізге қажет болады:
  • қызыл қырыққабат
  • жүгері
  • 2 ас қасық алма уксусы
  • зәйтүн майы
Қырыққабатты үккішпен турап, уксус қосып араластырыңыз. Жарты сағатқа қойып қойыңыз. Салаттан шыққан артық суды төгіп тастаңыз.  Зәйтүн май қосып араластырыңыз. Столға қояр алдында ғана жүгері қосып араластырыңыз. Егер ертерек араластырсаңыз, жүгері қазыл түске боялады да әдемі көрінбейді. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Пекин қырыққабаты қосылған салат

Пекин қырыққабаты кәдімгі қырыққабатқа қарағанда едәуір “шырынды” (ор. сочный), жапырақтары да нәзіктеу. Көп витаминдерді ұзаққа дейін сақтайды.  Салат жапырақтары сияқты түрлі салаттарға жақсы келеді. Бүгін сол пекин қырыққабатынан қарапайым бір салат рецепті. Бізге қажет болады:
  • пекин қырыққабаты
  • 1 қиыр
  • жарты тәтті сары бұрыш
  • 2 тал аскөк
  • 10 шақты қара зәйтүн
  • зәйтүн майы
  • тұз бен қара бұрыш
Қияр мен тәтті бұрышты ұзыншаларға тураңыз. Қырыққабатты майдалап турап, тұздаңыз да, артық судан сығып алыңыз. Қырыққабатты туралған қияр мен бұрышқа қосып,  шеңберлерге туралған қара зәйтундармен араластырыңыз. Енді қара бұрыш қосып, зәйтун майымен араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпараткөзі: http://aspazdik.com/

Гүлді қырыққабат қосылған салат

img_0130 Бізге қажет болады:
  • гүлді қырыққабат
  • үш түсті бұрыштар
  • 2-3 түйір сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке
  • зәйтүн / сұйық май
  • аскөк пен көк пияз
Гүлді қырыққабатты тұзды суда пісіріңіз. Қалаған үлкендікте бөлшектеңіз. Бұрыштарды төртбұрыштарға турап қосыңыз. Бір табаға 1-2 ас қасық майды қыздырып, майдалап туралған не болмаса үккіштен өткізілген сарымсақтармен араластырыңыз. Сарымсақтарды салатқа қосыңыз. Сіркемен араластырыңыз. Аскөк пен көк пиязды майдалап турап қосыңыз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Қытай қырыққабатынан салат жасау

d181d0b0d0bbd0b0d182 Бізге қажет болады:
  • қытай қырыққабаты
  • черри қызанағы
  • аскөк
  • консервіленген жүгері
  • брокколи
  • қышқыл соустар (анар және лимон соустары)
  • зәйтүн майы.

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР