Домой Теги қуырылған балық

қуырылған балық

Бұл беттен сіз "қуырылған балық" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: қуырылған балық (2)

сазан қуыру, қуырылған сазан

Қуырылған сазан дайындау

сазан қуыру, қуырылған сазанБізге қажет болады:
  • 1 кг сазан белдеме еті
  • сұйық май
  • тұз
  • ұн
Бадықты ірі бөлшектерге бөліп, жуыңыз да тұзды суға 30 минутқа қойып қойыңыз. Балықты сәл кептіріп, екі жағын да ұнға малыңыз. Енді аз майға екі жағын қуырыңыз. Қуырған кезде табаның үстін жабыңыз. Майдың азайғаның көрсеңіз, үстінен қосыңыз. Гарнирға картоп пюресі жасалынса жақсы. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
балық еті, котлет жасау

Балық етінен жасалған котлет

балық еті, котлет жасауБізге қажет болады:
  • жуылған 3 минтай балығынан филе
  • 2 тілім нан жұмсағы
  • 2 жұмыртқа
  • бұрыш, тұз
  • 3 картоп
  • 3 пияз
  • 2 ас қасық майонез
  • кептірілген нан ұнтағы (панир.сухари)
Филе мен пиязды ет тартқыштан өткізіңіз. Жұмыртқа мен нан жұмсағымен араластырыңыз. Талғамыңызға қарай бұрыш, тұз қосыңыз. Картопты майда үккіштен өткізіп қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырып, майонез қосыңыз да қалаған формада котлет жасап кептірілген нан ұнтағына малып алдын ала қыздырылған майға екі жағын ауыстырып қуырыңыз. Гарнирге картоп пюресі немесе макарондар жақсы келеді. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР