Домой Теги торттар

торттар

Бұл беттен сіз "торттар" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: Дәмді Торттар (2)

Медовый торты,жасалу жолы, торт рецепті, дәмді торттар

“Медовый” торты және жасалу жолы

Медовый торты,жасалу жолы, торт рецепті, дәмді торттар Бізге қажетті азық-түлік:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 стакан қант
  • 2 ас қасық бал
  • 100 гр сары май
  • 2 ш.қ. ас содасы
  • 3,5 стакан ұн
  • 200 гр 20% қаймақ
Алдымен жұмыртқаларды, қант пен бал және сары майды араластырып, буға қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Астын өшіріп, сода мен ұнды қосып араластырыңыз да, үстін жауып 45 минуттай жылы жерге қойып қойыңыз. Енді осы қамырды 5-ке бөліп, әрбір зуаланы жуқалап жайыңыз. Қамыр өте жұқа болатындықтан, мен арнайы қағазға қойып, соның үстінде жайдым. Яғни, қамырды алып әуре болмайсыз, қағазбен бірге противеньге қойып пісіресіз. Осылай 5-ін де пісіріңіз. Енді торт ыдысыңызды теріс төңкеріп, қамырдың шеттерін кесіп, тегістейсіз. Артқан қамырды ұнтақтап дайындап қойыңыз. 220 С духовкада 20 минуттай пісіріңіз. Крем үшін: қаймақ пен қантты араластырасыз. Торт нанның арасына крем жағып, торт жинайсыз. Үстіне алдын ала дайындалған ұнтақтан (жаңғақпен араластырсаңыз да болады) сеуіп қойыңыз. Тортты қонағыңыз келгенге дейін тоңазытқышқа қойып қойыңыз. 1 түн тұрса жақсы. Болды, осы-ақ. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР