Домой Теги тауық еті

тауық еті

Бұл беттен сіз "тауық еті" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді салат (8), колбаса (2), майонез (3), салат жасау (13), тауық еті (5)

малибу салаты, салап суреті, салат жасау, дәмді салат,Салат жапырақшасы,Колбаса,тауық еті,Сыр,Кептірілген нан,Сухари,Майонез

Дәмді Малибу салатын жасаймыз

малибу салаты, салап суреті, салат жасау, дәмді салатБүгін біз Малибу салатын жасап үйренетін боламыз. Жасалуы өте жеңіл әрі жылдам дайындалады. Бізге салатты жасау үшін қажет болады:
  • Салат жапырақшасы
  • Колбаса немесе тауық еті
  • Сыр
  • Кептірілген нан (Сухари)
  • Майонез
  • Салат жапырақшасы.
  • Колбаса немесе тауық еті.
  • Сыр
  • Кептірілген нан (Сухари)
Қажетті заттардың барлығын турап, үстіне майонез құямыз. Үстінен аздап тұз себуді ұмытпаңыз. Барлығын жақсылап араластырып аламыз. Ең үстінен (дастарханға қояр сәтте) кептірілген нанды салып, араластырамыз. Біз дайындаған "Малибу" салаты дайын болды. Асыңыз дәмді болсын :) Дайындаған: https://twitter.com/RakishevaA
тауық еті, тағам жасау, көкөністер, тауық еті мен көкөніс

Тауық етіне көкөністер қосып тағам жасаймыз

тауық еті, тағам жасау, көкөністер, тауық еті мен көкөніс Бұл тамақ расында да өте ыңғайлы. Әсіресе көп түрлі тамақ пісіру керек болған кезде, олардың бәрін пісіруге үлгермей жатқан кезде... табылған ақыл болмақ . Тамақ пеште пісе бергенше салатты да жасап, сорпаны да пісіріп үлгересіз. Аз машақатты, дәмді тағам түрі. Жүгері, көк бұршақ қосып тауықпен де, етпен де талай жасап жүрсем де, рецептті аспаздыққа жазу бүгінге бұйырған екен. - 1 кг тауық - 5 картоп - 2 қызанақ - 2 болгар бұрышы - 1 сарымсақ - 1 сәбіз Көкөністердің бәрін аршып, ірілеп тураңыз. Тауықты жуып, бөлшектеңіз. Тұз + қызыл бұрыш + майдаланған сарымсақ қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз. Пеш үшін арнайы ыдысқа қойып, үстін фольгамен немесе “рукав”-пен жауып, 220С ыстықта пісіріңіз. Тауықтың суы аздап тартылғанда астын өшіріп, сервис жасаңыз. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com
Тауық еті ,көкөністер, дәмді тағам, духовкада пісіру

Тауық еті мен көкөністерді пеште пісіреміз

Тауық еті ,көкөністер, дәмді тағам, духовкада пісіру Суреттегі пеште піскен тауықтың рецепті бұрын бергенімнен сәл ерекшелеу. Ауызашарға машақаттау болып көрінгенімен, ондай емес. Рет ретімен жазайын:
  • тауық
  • картоп
  • қызанақ
  • пияз
  • болгар бұрышы
  • тұз, ірі қызыл бұрыш
  • аздап зәйтун майы
Алдымен картоптарды аршып, суға жартылай пісіріп аласыз. Сәбізді зәйтун майға 4 минуттай қуырып аласыз, пияз қосып тағы 2 минут қуырыңыз. Енді тауықты бөлшектеп, ыстыққа төзімді шұңғыл ыдысқа қоясыз да, жартылай пісіп туралған картоптармен араластырасыз. Тұздап, бұрыштайсыз. Үстіне пияздарды қойып, оның үстіне де туралған болгар бұрышын тізесіз. Ең соныңда домалақтап туралған қызанақтарды да тузуп, үстіне ешқандай да фольга жаппай 200С ыстық пешке қоясыз. Қызанақтардың түрі өзгере бастаған кезде, тағамының дайын болады. Мен қасына брокколи пісірдім: ол үшін броколли гүлдерін қайнап тұрған суда 5 минут пісіріп алдым да, аздап лимон суымен араластырып қойдым. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com
тауық еті,мини-шашлык, шашлык жасаймыз

Тауық етін пайдаланып мини-шашлык жасайық

тауық еті,мини-шашлык, шашлык жасаймыз
  • тауық төсі
  • майонез
  • кетчуп
  • дәмдеуіштер
  • тұз
  • қалауыңызша көкөністер
  • ағаш таяқшалары
Алдымен майонез бен кетчупты араластырып, ішіне қалаған дәмдеуіштерді қосыңыз. Тауық етін төртбұрыштап тураңыз. Көкөністерді де сондай үлкендікте тураңыз. Мен тек қана көк бұрыш қосқан едім, бірақ қызанақ, жартылай піскен картоп та қосылса болады. Тауық еті мен көкөністерді маринадтаңыз. Минимум 30 минут, максимум 2 сағат. Осы кезде ағаш таяқшаларды суға жібітіп қойсаңыз, духовкаға қойған кезде олардың үсті күймейді. Тауық еті мен көкөністерді ағаш таяқшаларға тізбеліңіз. Пеш табағына фольга төсеп, соның үстіне мини-шашлыктарды тізіңіз. 180С пеште бір жағын 20 минут пісіріп, шашлыкты аударып, тағы 15 минут пісіріңіз. Қасына салат жасалынса жақсы. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com
қарақұмық пен тауық, тауық еті, қарақұмық пісіру

Қарақұмық пен тауықты пеште пісіру

қарақұмық пен тауық, тауық еті, қарақұмық пісіру

  • 1 стақан қарақұмық
  • жарты тауық еті
  • 1 пияз
  • 1 сәбіз
  • шамамен 0,5 литр су
  • 1 түйір сарымсақ
  • тұз бен бұрыш
Қарақұмықты тазалап, жуып алып, тұзды суға 5 минутатй пісіріңіз. Пісірмей жасауға да болады негізі ен осы жолы пісіріп жасадым. Қарақұмық пісіп жатқан кезде, табаға май құйып туралған пияз бен үккіштен өткізілген сәбізді кезек кезегімен қуырыңыз. Майдалап туралған сарымсақ қосыңыз. Араластырып астын өшіріңіз. Енді осы табаға (егер табаңыз пешке қоюға жарамсыз болса, онда басқа ыдысты қолданыңыз) жартылай піскен қарақұмықты суымен бірге салыңыз. Қарақұмықтың үстіне туралған тауық етін қойыңыз. Қалауыңызша тұздап, қара бұрыш қосып қойыңыз. Табаның бетін фольгамен жауып, 200С қызған пеште 1 сағаттай пісіріңіз. 1 сағатта қарақұмықтың суы тартылып, тауық пісетін болады. Тауықтың еті қызарып піссін десеңіз, табаның бетін ашып тағы 5-10 минуттай пісіріңіз. Қалауыңызша дайын қарақұмық жармасына сары май қосып аралстырыңыз. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР