Домой Теги таңғы ас

таңғы ас

Бұл беттен сіз "таңғы ас" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді тағам (9), таңғы ас (2)

жұмыртқа мен картоп, тұқым мен картоп, дәмді тағам

Картоп пен жұмыртқа арласқан дәмді тағам

жұмыртқа мен картоп, тұқым мен картоп, дәмді тағам Тағам жасау үшін бізге:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 кішкентай картоп
  • кішкентай пияз
  • 4 черри қызанағы
  • 1 тілім сэндвич ірімшігі
  • тұз
  • қалаған дәмдеуіштер керек
Пияз бен картопты аршып, үккіштен өткізіңіз. Майға қуырып алыңыз. Арасында тұз бен қызыл не қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пісе бергенде төртке туралған қызанақтарды қосыңыз. Енді егер табаңыз  пешке жарамды болса, қуырылған заттарды аздап суытып алып, ішіне екі жұмыртқа қосып араластырыңыз. Менің табамның қолы пластикадан жасалынған, сондықтан аталмыш заттарды бөлек ыдыста араластырдым. Ыдысты алдын ала майлау керек емес. Енді үстіне ірімшікті қойып, пеште пісіріңіз. Жұмыртқа көтеріліп, шеттері қызара бастағаны тағамның дайын болғандығының белгісі. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com
таңғы ас, еттен таңғы ас, ас тамақтану

Таңғы асқа ет қосылған жұмыртқа

таңғы ас, еттен таңғы ас, ас тамақтану
  • 100 гр фарш
  • 1 пияз
  • бір тілім ірімшік
  • бір жұмыртқа
  • тұз, бұрыш
Пиязды майдалап турап, фаршпен бірге қуырыңыз. Ортасын ашып, ішіне бір жұмыртқа жарыңыз. Тұздап, бұрыш қосыңыз. Жұмыртқаның үстіне ірімшік тілімін қойып, үстін жауып 3 минуттай (ірімшік толығымен ерігенге дейін) пісіріңіз. Ыстықтай жеген жақсы. aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР