Домой Теги тағам

тағам

Бұл беттен сіз "тағам" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: тағам (4), Ұлттық тағам (2)

Бешбармақ рецепт қазақша

Ет жылқы, сиыр, қой еті өз қалауыңызша алып жақсылап жуып, қазанға етті саламыз. Ет қайнаған кезде, көбігін алып, тұздап, отты азайтып, 2 сағаттай қайнатамыз. Енді қамырымызды дайындап аламыз. Қамырға:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 шәй қасық тұз
  • 200гр су
  • Ұн
Барлық қоспаларды қосып, жақсылап қамыр илеп 20 минутқа қамырымызды қойып қоямыз. 2пиязды алып майдалап турап ыдысқа салып, үстінен еттің бетіндегі майлы сорпадан құямыз да бұқтырамыз. Қамырымызды жайп алып, етті сүзіп қайнап тұрған сорпаға қамырымызды бір-бірлеп салып, піскен соң легенге сүзіп алфамыз. Етті турап, қамырдың бетіне май сорпасын құйып, бетіне етті салып , еттің бетінен қайта май сорпамызды құямыз. Өз қалауыңызша картоп пен сәбіз салуыңызға да болады. Бешбармақ дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Шабдалы қосылған пирог жасаймыз

Құрамы:
  • Консервіленген шабдалы – 300 г
  • Сары май – 130 г
  • Бал – 100 г
  • Жұмыртқа – 2 дана
  • Қант – 100 г
  • Ұн – 125 г
Пирог дайындау рецепті: Сары майды төртбұрыштап бөлеміз. Майға ұн менқантты қосып жақсылап араластырамыз.Жұмыртқа мен қантты екуин араластырып қамырға құйамыз.Соңынан балды қосып, пирогқа арналған қалыпты алып, майлап қамырды құйып қамыр бетіне шабдплыны қойып шығамыз да , духовкаға салып пісіреміз.Пирог дайын болған соң бетіне қант ұнтағын сеуіп қойуға да болады. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Жаңа жылдық тәттілер

Құрамы:
  • 1 ас қасық сары май
  • 1 плитка қара шоколад
  • 4 ас қасық сұлы жармасы
  • 2 ас қасық қант
  • Жаңғақ
Жаңа жылдық кәмпиттердің жасалуы: Су буында шоколадымызды ерітіп аламыз. Еріген соң арнайы кәмпиттерге арналған формаларға құямыз. Құйған соң біраз суығанын күтеміз. Енді табаны алып, баяу отта сары майды ерітеміз де оған қантты қосыпараластырамыз. Қант еріген соң жаңғақты және сұлы жармасын саламыз. Барлығын баяу отта жаймен араластырып тұрамыз. Бұл қоспамызды формадағы шоколадтың үстінен әр қайсысына құйып шығамыз. Үстін өз қалауыңызша жаңғақтармен немесе ақ шоколадты ерітіп сәндеуіңізге болады. Дайын кәмпитерімізді тоңазтқышқа қоямыз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Дәмді Omelet rice жасаймыз

13 Бізге қажет болады: Ішіне: - тауық - пияз - сарымсақ - томат пастасы - тұз бен бұрыш - аздап су - піскен күріш Сыртына: жұмыртқа + тұз + аздап сүт + кетчуп Алдыменен майдалап туралған пияз бен сарымсақты қуырып алыңыз да, туралған тауық және тұз/бұрыш қосыңыз. Тауық пісе бергенде томат пастасын қосып, аздап сумен буқтырып аласыз да, піскен күріш қосасыз. Бөлек ыдыста 2 жұмыртқа мен аздап сүт және тұз/бұрыш қосып араластырасыз. Енді табаға жұмыртқаның бір жағын қуырып алып, ортасына күріш қоспасын қойып, шеттерін орайсыз да, ыдысқа теріс аударып төңкересіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР