Бәліш жасау үшін бізге:
- юфка қамыры
- саумалдық (жас немесе тоңдырылған)
- 2 жұмыртқа
- 2 пияз
- дәмдеуіштер мен тұз
- 200 гр брынза (біз cottage cheese қолдандық)
- 2 ас қасық шамасында сұйық май
- 2 ас қасықтай майлылығы көп айран
- 2 ас қасықтай сүт
- кунжут керек
Жасалу жолы:
- Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз.
- Саумалдықты да қатты майда қылмай турау керек.
- Табаға 2 ас қасықтай сұйық май құйып, алдымен пиязды қуырып алыңыз. Пияздардың түсі өзгерген кезде, саумалдықты қосып, саумалдықтың көлемі азайғанға дейін пісіру керек.
- Брынза ірімшігін қосыңыз. Тұздап, қалауыңызша түрлі дәмдеуіштерді қосыңыз. Тағы 3-4 минут үнемі араластырып тұрып пісірген соң, табаның астын өшіріп, суытыңыз.
- Бөлек ыдыста жұмыртқаларды араластырыңыз.
- Айран қосыңыз. Айранның майлылығы көп болса жақсы, немесе біздің қаймақты қоссаңыз болады.
- Көз мөлшерімен сүт қосыңыз. Екі ас қасық шамасында болуы керек.
- Сұйық май. Бәрін жақсылап араластырыңыз.
- Егер юфка қолданатын болсаңыздар, оның көлемі біз қолданғанымыздан үлкендеу, сондықтан оны 8-ге бөліп жасау керек. Қамырдың үстіне сүтті қоспаны жағып шығыңыз.
- Енді қамырдың бір шетіне саумалдық қоспадан қойып, орау керек. Не қатты тығыз, не де қатты бос болмауы керек.
- Оралған қамырдың үстіне сүтті қоспадан жағып, енді екі шетін бір біріне қарай орап гүл формасын келтіріңіз.
- Әрбір бәліштің үстіне тағы да сүтті қоспадан жағып, кунжут сеуіп қойыңыз да, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
Асыңыз дәмді болсын!
Дереккөз: aspazdik.com