Домой Теги тәтті

тәтті

Бұл беттен сіз "тәтті" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: жаңа жыл (3), тәтті (2)

Жаңа жылға шырша печеньесі

Қамырына:
  • 1 стакан қант, кишкене тұз.
  • 100г сары май
  • 2 дана жұмыртқа
  • Лимон шырыны және қабығының үгіндісі
  • 200г мендаль
  • 150г ұн
  • Қант ұнтағы
Жаңа жылдық печеньелердің дайындалуы: Ұнды аламыз оған қант, жұмыртқа және лмон шырыны мен үгіндісін , корицаны қосамыз да жақсылап қамырын илейміз. Соңынан мендалды майдалап қосып дайын қамырымызды жұлдыша формасымен кесеміз. Дайын печеньелерімізді табамызды майлап, салып пісіреміз. Піскен соң суытып шырша ұксатып үсті-үстіне қойып бетінен қант ұнтағын себеміз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Жаңа жылдық тәттілер

Құрамы:
  • 1 ас қасық сары май
  • 1 плитка қара шоколад
  • 4 ас қасық сұлы жармасы
  • 2 ас қасық қант
  • Жаңғақ
Жаңа жылдық кәмпиттердің жасалуы: Су буында шоколадымызды ерітіп аламыз. Еріген соң арнайы кәмпиттерге арналған формаларға құямыз. Құйған соң біраз суығанын күтеміз. Енді табаны алып, баяу отта сары майды ерітеміз де оған қантты қосыпараластырамыз. Қант еріген соң жаңғақты және сұлы жармасын саламыз. Барлығын баяу отта жаймен араластырып тұрамыз. Бұл қоспамызды формадағы шоколадтың үстінен әр қайсысына құйып шығамыз. Үстін өз қалауыңызша жаңғақтармен немесе ақ шоколадты ерітіп сәндеуіңізге болады. Дайын кәмпитерімізді тоңазтқышқа қоямыз. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР