Домой Теги спагетти жасау

спагетти жасау

Бұл беттен сіз "спагетти жасау" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: көкөніс (2), спагетти (2), спагетти жасау (3)

спагетти, спагетти жасау, дәмді спагетти

Көкөніс қосылған спагетти жасау

спагетти, спагетти жасау, дәмді спагетти Бізге қажет болады:
  • 5 орта бой картоп
  • 2 пияз
  • 200 гр фарш
  • 1 сабіз
  • 3 татті бұрыш
  • спагетти
  • 100 гр сыр
  • қызанақ
  • 1 стакан су
  • 1 ас қасық томат
  • тұз
  • бұрыш
  • петрушка
Картоп пен сәбізді турап, жарты шики етіп қуырып аламыз. Тұздаңыз. Ет пен сабізді бөлек ыдыста қуырыңыз. Тұздаңыз Ет пісірген ыдысқа жартылай қуырылған картоп пен сәбізді қойыңыз да, үстінен ірі төртбұрыштап туралған тәті бұрыш қойыңыз. Ең соңында қызанақтарды әр жерінен қадап қойыңыз. 1 стакан суга 1 ас қасық томат ерітіп, үстіне құйыңыз. Осының бәрін фольгамен жауып, 180 С духовкада 25 минуттай пісіріңіз. 1 литр тұзды су қайнатып, ішіне спагетти қойып 10 минуттай пісіріңіз. Піскен спагеттиді мұздай суға шайып, майдалап туралған (немесе теркадан өткізілген) сыр қосып араластырыңыз. Астарыңыз дәмді болсын! Дереккөз: aspazdik.com
болоньез соус, спагетти, спагетти жасау

Болоньез соус қосылған спагетти жасаймыз.

болоньез соус, спагетти, спагетти жасау - 250 гр фарш - 4 қызанақ - 1 пияз - 1 ас қасық томат - 1 пакет спагетти Спагетти мен балоньез соусын бір уақытта пісірсеңіз, екеуін де ыстықтай ұсына аласыз. Сондықтан алдымен спагетти үшін тұзды су қайнатыңыз. Бөлек табада пиязды майдалап тураңыз да майға қуырыңыз. Фарш қосып, тұздаңыз. Томат қосыңыз. Осы уақытта спагетти үшін қойған суыңыз қайнауы керек – спагеттилерді қайнатыңыз. Қызанақтарды 1-2 минуттай қайнаған ыстық суда ұстап, қабығын аршып тураңыз. Қызанақтарды табаға қойып бәрін жақсылап қуырыңыз. Табаға спагетти қайнатқан судан 1 ожаудай қоссаңыз дәмдірек болады. Артық суды төгіп спагеттиге қалаған майдан қосып араластырыңыз. Үстінен соус қойып, ыстықтай сервис жасаңыз. aspazdik.com
кілегей немесе қаймақ, ірімшік пияз, қызанақ ет сәбіз көк тәтті ,бұрыш, дәмдеуіштер, 2 түйір сарымсақ

Қаймақ соусы қосылған спагетти жасау

кілегей немесе қаймақ, ірімшік пияз, қызанақ ет сәбіз көк тәтті ,бұрыш, дәмдеуіштер, 2 түйір сарымсақ
  • спагетти немесе басқа макарон өнімі
  • кілегей немесе қаймақ
  • ірімшік
  • пияз
  • қызанақ
  • ет
  • сәбіз
  • көк тәтті бұрыш
  • дәмдеуіштер
  • 2 түйір сарымсақ
Тұздалған суды отқа қойып қайнатыңыз. Су қайнаған кезде спагетти салып пісіріңіз. 10-15 минут (макарон өніміне байланысты), Осы арада табаға май қыздырып, майдалап туралған пиязды қуырыңыз. Үстінен майдалап туралған ет (немесе фарш) қосыңыз. Көкөкністерді, сарымсақты майдалап турап, бәрін араластырып қуырыңыз. Дәмдеуіштерді және қаймақты сумен араластырып жасалынған соусты қосыңыз да, соус қайнай бастағанға дейін пісіріңіз. Суды төгіп, спагеттиді ыстықтай күйінше зәйтүн майымен араластырыңыз. Қалауыңызша спагеттидің үстіне ірімшікті үккіштен өткізіп себіңіз. Спагеттидің үстіне ет қоспадан қойып сервис жасаңыз. aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР