Бұл тағамды жасау үшін:
- 0.5 кг ұн
- 500 гр маргарин
- 3-4 жұмыртқа
- 1 кесе құмшекер
- тұз, ашытқы, мак
- 1л сүт
- шие тосабы
Алдымен ұнға маргарин мен жұмыртқа қосып, илейміз.

Әбден езіліп иленгеннен кейін қант, тұз, ашытқыны қосып, жылы сүтпен илейміз.

Бәрін илеп болған соң, үстін орамалмен жауып, жылы жерге қойып, қамырды ашытып қоямыз. Әр 30 мин сайын немесе әр ашыған сайын қамырды қайта 2-3 рет илеу керек (қамыр жұмсақ болу үшін)
Қамыр ашыды. Жұмсақ, жаюға жақсы болды. Енді қамырдың жартысын кесіп алып, табаға бір келкі қылып жаямыз, үстіне тосап жағамыз.

Енді оны 30 минутқа көтерілгенінше пеште қалдырамыз.

Асыңыз дәмді болсын.
Жасалу рецепті:
aitaber.kz сайтынан алынды.