Домой Теги шабдалы

шабдалы

Бұл беттен сіз "шабдалы" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді (2), пирог (2), тағам (4), шабдалы (2)

Шабдалы қосылған пирог жасаймыз

Құрамы:
  • Консервіленген шабдалы – 300 г
  • Сары май – 130 г
  • Бал – 100 г
  • Жұмыртқа – 2 дана
  • Қант – 100 г
  • Ұн – 125 г
Пирог дайындау рецепті: Сары майды төртбұрыштап бөлеміз. Майға ұн менқантты қосып жақсылап араластырамыз.Жұмыртқа мен қантты екуин араластырып қамырға құйамыз.Соңынан балды қосып, пирогқа арналған қалыпты алып, майлап қамырды құйып қамыр бетіне шабдплыны қойып шығамыз да , духовкаға салып пісіреміз.Пирог дайын болған соң бетіне қант ұнтағын сеуіп қойуға да болады. Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Шабдалы бәліші

Бүгінгі жазбамда мен сізге өте қарапайым, әрі дәмді шабдалы бәлішін пісірудің жолын үйретемін. IMG_6945 Ингредиенттері:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 1 стақан
  • Қаймақ - 1 стақан
  • Ұн - 1 стақан
  • Қамыр қопсытқыш - 5 гр.(разрыхлитель теста)
  • Шабдалы
IMG_6947 Шабдалы бәлішін пісіру әдісі: Ұн мен қантты тостағанға салып миксермен үлпілдеген үлкен көбік болғанға дейін қопсытып, қаймақ салып жақсылап араластырамыз. Үстінен ұн мен қамыр қопсытқышын салып қасықпен жақсылап араластырамыз. Шабдалыны 1 см-дей көлемде турап, сары май жағылған табаға салып шығамыз да, үстіне дайын сұйық қамырды құямыз. Сөйтіп табаны қызып тұрған пешке салып, дайын болғанша пісіреміз.
Өзіңіздің қалауыңыз бойынша суреттегідей етіп безендірсеңіз болады. Біраз фантазияңызды ойнатып көріңіз :)
IMG_6944 Шабдалы қосылған дәмді бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын :)  IMG_6934 IMG_6939 Асханада болған: RakishevaA :)

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР