Домой Теги сары май

сары май

Бұл беттен сіз "сары май" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: жұмыртқа (2), сары май (4), сүзбе (2), сұйық май (2), қаймақ (2)

Сүзбе қосылған дәмді құймақ

Құймақ жасау үшін бізге қажет болады:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 2 шәй қасық
  • Ас содасы - 0,5 шәй қасық
  • Тұз - 1 шәй қасық
  • Сүт (аздап су қоссаңыз құймақ тез күйіп кетпейді)
  • Ұн
  • Сұйық май - 1 ас қасық
  • Сүзбе
  • Қаймақ
  • Сары май
Дайындалу әдісі:  Тостағанға жұмыртқа, қант, ас содасы, тұзды салып әбдан миксермен араластырамыз. Артынан сүт/су құйып тағы араластырып, ұн қосамыз. Барлығын бір қалыпты массаға келтіргеннен соң бір ас қасық сұйық май қосамыз. Дайын болған сұйықтықты қызып тұрған табаға ас қасықпен құйып, төмендегі суреттегідей кішігірім құймақ жасаймыз.
Таба қызғанда бір шәй қасық сұйық май қосып жібергеніңіз абзал!

Дәмді құймақ

 Құймақтардың барлығына сары май жағып шығамыз. Артынан сүзбені аздаған қаймақпен және қантпен араластырып, құймақтардың арасына саламыз.

Дәмді құймақ

Асыңыз дәмді болсын!

Дәмді құймақ

Асханада болған RakishevaA :) 

чех штруделі,дәмді тағам

Чех штруделін жасап үйрену

чех штруделі,дәмді тағам Бізге қажет болады. -150 гр ұн -60 гр ыстық су -аздап тұз -1 ш.қ. лимон шырыны -60 гр сары май -50 гр мейіз -4-5 алма -30 гр печенье ұнтағы -корица -қант пудрасы Ұнды елеңіз. Суға тұз, лимон шырыны және 2 ас қасық еріген май қосыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз. Алмаларды аршып, жұқалап тұраңыз. Мейіздерді суда жібітіп алмаларға қосыңыз. Қамырда өте жұқа етіп жайыңыз. үстін майлап, печенье ұнтағын сеуіп, алма мен мейіздерді тізіңіз. екі шетін бүгіп, рулет етіп ораңыз. Арнайы қағаз төселген ыдысқа штруделді қойып үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Дайын штрудельдің үстіне қант пудрасын себіңіз. п.с.: штрудельдің қасына бір қасық балмұздақ қойып сервис жасауыңызға болады. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
макарон тағамы, макарон пісіру, піскен макарон, макарон

Духовкада піскен макарон тағамы

макарон тағамы, макарон пісіру, піскен макарон, макарон
  • 1 пакет Сұлтан макарондары
  • 1 үлкен пияз
  • 150 гр фарш
  • 150 гр сыр
  • 1 қасық сары май
  • 2 қызанақ
Макарондарды тұзды суға пісіріп алыңыз да артық суды төгіп, сары маймен араластырыңыз. Пиязбен фаршты майға қуырыңыз. Қызанақтарды төртбұрыштап тұраңыз. Осының бәрін араластырып, май жағылған ыдысқа қойып, үстіне үгілген сырды себіңіз. Үстін фольгамен жауып, духовкада 15-20 минут пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын. Дереккөз: aspazdik.com
Авокадода,оладьи печеньиесі

Авокадодан оладьи печеньиесі

Авокадода,оладьи печеньиесі
  • жарты авокадо
  • 5-6 тал қалағаныңыз сүтті печенье
  • 100 гр сүт
  • 2 ас қасық қант
  • ұн
  • разрыхлитель
  • 1 жұмыртқа
  • 100 гр сары май
Авокадоны аршып турадым да, қалған заттармен араластырдым. Табаға екі жағын қызартып пісіріп аламыз. aspazik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР