Домой Теги салат жасау

салат жасау

Бұл беттен сіз "салат жасау" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: салат (14), салат жасау (13)

Шампиньондардан салат жасау

Бізге қажет болады: - 250 гр консервіленген шампиньондар - көк пияз - 2 ірі жұмыртқа Жұмыртқаларды алдын ала пісіріп алыңыз. Шампиньондарды майдалап тұралған пияздармен қоса аз майға қуырыңыз. Піскен жұмыртқаларды аршып, сарысын алып тастап ағын ірілеп тұраңыз да, қуырылып жатқан шампиньондарға қосыңыз. Бәрін бір-екі араластырып сәл ғана қуырыңыз. Сервис жасайтын табақтарыңызға қойған соң, үстіне жұмыртқаның сарысын үгіп салыңыз. Жұмыртқаның сарысын бірден араластырып қойсаңыз да болады. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Бұршақ пен Картоп салатын жасау

img_6748 Бізге қажет болады: - 3 піскен картоп - көк бұршақ - десерт жүгері - тұз - ащты қызыл бұрыш - зәйтүн майы Піскен картопты төртбұрыштап тұраңыз. Зәйтүн майды қыздырып, қызыл бұрыш пен тұз аралас картопты аздап қана қуырыңыз. Көк бұршақ пен жүгері қосып араластырыңыз да, сервис жасаңыз. Укроп қоссаңыз болады. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Ким-чи салаты

img_7749 Бізге қажет болады: - 1 кг Қытай қырықжапырағы - 2 ас қасық тұз - 1 литр суық су - 0,5 литр қайнаған су Тұздық үшін: - 3 ірі сарымсақ - 1 ас қасық имбирь ұнтағы (мен қоспадым) - жарты кішкентай пияз - бір уыс көк пияз - 1 ас қасық қызыл ашты бұрыш - 1 ас қасық қант - 1 ас қасық тұз - 2 ас қасық томат Қырықжапырақтың жапырақтарын бір бір етіп бөліп алыңыз да, салқын тұзды суға салып 8 сағатқа қойып қойыңыз. Қырықжапырақ тұздалып жатқан кезде жағымсыз иіс болатының алдын ала айтқан болайын. Қырықжапырақ тұздалып болған соң, салқын суда шайып, ірі ірі етіп тұраңыз. Бөлек ыдыста тұздық үшін қажет заттардың тұралатының майдалап тұрап, қосатының қосып қайнаған сумен араластырыңыз. Тұздықты қырықжапырақпен жақсылап араластырыңыз. Ауызы тығыз жабылатын ыдысқа нықтылап қойып, үстін жауып, салқын жерде 2 күндей ұстаңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Кәді қосылған салат

img_9780 Бізге қажет болады: - 2 үлкен кәді - 4 картоп - 4 қызанақ - салат жапырақтары - 1 үлкен сары тәтті бұрыш - 1 үлкен жасыл тәтті бұрыш Кәді мен картопты аршып төртбұрыштап тұраңыз. Зәйтүн майға кезек кезегімен қуырыңыз. Қағаз майлыққа түсіріп, артық майдың майлыққа сініп кетуін қадағалаңыз. Тәтті бұрыштарды тазалап, төртбұрыштап тұрап, қатты қызып тұрған майға аз ғана қуырып алыңыз. Қызанақтарды да төртбұрыштап тұраңыз. Бәрін араластырып, тұз қосыңыз да салат жапырақтарын ірі-ірі етіп тұрап араластырыңыз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Консервіленген жүгері мен қырыққабат қосылған салат

img_0348 Бізге қажет болады:
  • консервіленген жүгері
  • қырыққабат
  • қызанақ
  • қияр
  • сұйық май
  • тұз
Қырыққабатты майдалап тураңыз да, ұзынша туралған қияр мен төртбұрыштап туралған қызанақпен араластырыңыз. Жүгері қосып, талғамыңызға қарай тұздаңыз. Маймен қосып араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Қызыл қырыққабат қосылған салат

Қызыл қырыққабат Бізге қажет болады:
  • қызыл қырыққабат
  • жүгері
  • 2 ас қасық алма уксусы
  • зәйтүн майы
Қырыққабатты үккішпен турап, уксус қосып араластырыңыз. Жарты сағатқа қойып қойыңыз. Салаттан шыққан артық суды төгіп тастаңыз.  Зәйтүн май қосып араластырыңыз. Столға қояр алдында ғана жүгері қосып араластырыңыз. Егер ертерек араластырсаңыз, жүгері қазыл түске боялады да әдемі көрінбейді. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Консервіленген балықтан салат жасау

Балық салат Бізге қажет болады:
  • консервіленген скумбрия немесе тунец
  • 1 қияр
  • 1 қызанақ
  • 2 жұмыртқа
  • 3-4 ас қасық піскен күріш
  • көк пияз
  • майонез (optional)
Күрішті пісіріп алыңыз. Жұмыртқаларды да пісіріңіз. Балықты майымен қоса езіңіз. Қызанақ пен қиярды, көк пияз бен піскен жұмыртқаларды майдалап тураңыз. Күріш қосып бәрін араластырыңыз. Тұздаудың қажеті жоқ. Қалауыңызша майонез қосыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Пекин қырыққабаты қосылған салат

Пекин қырыққабаты кәдімгі қырыққабатқа қарағанда едәуір “шырынды” (ор. сочный), жапырақтары да нәзіктеу. Көп витаминдерді ұзаққа дейін сақтайды.  Салат жапырақтары сияқты түрлі салаттарға жақсы келеді. Бүгін сол пекин қырыққабатынан қарапайым бір салат рецепті. Бізге қажет болады:
  • пекин қырыққабаты
  • 1 қиыр
  • жарты тәтті сары бұрыш
  • 2 тал аскөк
  • 10 шақты қара зәйтүн
  • зәйтүн майы
  • тұз бен қара бұрыш
Қияр мен тәтті бұрышты ұзыншаларға тураңыз. Қырыққабатты майдалап турап, тұздаңыз да, артық судан сығып алыңыз. Қырыққабатты туралған қияр мен бұрышқа қосып,  шеңберлерге туралған қара зәйтундармен араластырыңыз. Енді қара бұрыш қосып, зәйтун майымен араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпараткөзі: http://aspazdik.com/

Гүлді қырыққабат қосылған салат

img_0130 Бізге қажет болады:
  • гүлді қырыққабат
  • үш түсті бұрыштар
  • 2-3 түйір сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке
  • зәйтүн / сұйық май
  • аскөк пен көк пияз
Гүлді қырыққабатты тұзды суда пісіріңіз. Қалаған үлкендікте бөлшектеңіз. Бұрыштарды төртбұрыштарға турап қосыңыз. Бір табаға 1-2 ас қасық майды қыздырып, майдалап туралған не болмаса үккіштен өткізілген сарымсақтармен араластырыңыз. Сарымсақтарды салатқа қосыңыз. Сіркемен араластырыңыз. Аскөк пен көк пиязды майдалап турап қосыңыз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Қытай қырыққабатынан салат жасау

d181d0b0d0bbd0b0d182 Бізге қажет болады:
  • қытай қырыққабаты
  • черри қызанағы
  • аскөк
  • консервіленген жүгері
  • брокколи
  • қышқыл соустар (анар және лимон соустары)
  • зәйтүн майы.
Қызанақтан салат жасау

Қыздар фигурасына пайдалы қызанақ қосылған салат

Қызанақтан салат жасау Бізге қажет болады: -1 банка - консервіленген фасоль, -100 г -краб таяқшылары, -2 дана қызанақ (помидор), -3 дана -сарымсақ, -3 шай қасық -йогурт, -тұз, -түрлі-түрлі перецтер қажетіңізге қарай. Дайындалуы: Краб таяқшалары мен қызанақтарды майдалап тураймыз. Оны фасольмен араластырып, сарымсақ, тұз және перецті қосамыз. Үстіне йогуртты құямыз және аздап араластырамыз. Дайын болды. Асыңыз дәмді болсын!
малибу салаты, салап суреті, салат жасау, дәмді салат,Салат жапырақшасы,Колбаса,тауық еті,Сыр,Кептірілген нан,Сухари,Майонез

Дәмді Малибу салатын жасаймыз

малибу салаты, салап суреті, салат жасау, дәмді салатБүгін біз Малибу салатын жасап үйренетін боламыз. Жасалуы өте жеңіл әрі жылдам дайындалады. Бізге салатты жасау үшін қажет болады:
  • Салат жапырақшасы
  • Колбаса немесе тауық еті
  • Сыр
  • Кептірілген нан (Сухари)
  • Майонез
  • Салат жапырақшасы.
  • Колбаса немесе тауық еті.
  • Сыр
  • Кептірілген нан (Сухари)
Қажетті заттардың барлығын турап, үстіне майонез құямыз. Үстінен аздап тұз себуді ұмытпаңыз. Барлығын жақсылап араластырып аламыз. Ең үстінен (дастарханға қояр сәтте) кептірілген нанды салып, араластырамыз. Біз дайындаған "Малибу" салаты дайын болды. Асыңыз дәмді болсын :) Дайындаған: https://twitter.com/RakishevaA

Цезарь салатын жасауды үйренеміз

Цезарь салаты, салат жасау, дәмді салат, шөп шалаң Бізге қажет азық-түліктер: 
  • көк жапырақ (листья салата)
  • тауық еті
  • қызанақ
  • сыр
  • майонез
  • сухариктер.
Дайындалу жолы: Көк жапырақты соломка қылып алып үстіне піскен тауық етін және қызанақты шаршы етіп (кубиком) тураймыз. Ыдысқа бірінші көк жапырақты саламыз, үстінен тауық етін салып оны қызанақпен араластырамыз. Бетіне майонез жағып, сырды теркадан өткіземіз. Ең соңында сухарикиді себеміз) Сол кезде «Цезарь» салаты дайын болады… Астарыңыз дәмді болсын! Астың жасалу жолы: http://aitaber.kz/blog/tagamdar/175.html алынды.

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР