Домой Теги сүзбе

сүзбе

Бұл беттен сіз "сүзбе" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: жұмыртқа (2), сары май (4), сүзбе (2), сұйық май (2), қаймақ (2)

Сүзбе қосылған дәмді құймақ

Құймақ жасау үшін бізге қажет болады:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 2 шәй қасық
  • Ас содасы - 0,5 шәй қасық
  • Тұз - 1 шәй қасық
  • Сүт (аздап су қоссаңыз құймақ тез күйіп кетпейді)
  • Ұн
  • Сұйық май - 1 ас қасық
  • Сүзбе
  • Қаймақ
  • Сары май
Дайындалу әдісі:  Тостағанға жұмыртқа, қант, ас содасы, тұзды салып әбдан миксермен араластырамыз. Артынан сүт/су құйып тағы араластырып, ұн қосамыз. Барлығын бір қалыпты массаға келтіргеннен соң бір ас қасық сұйық май қосамыз. Дайын болған сұйықтықты қызып тұрған табаға ас қасықпен құйып, төмендегі суреттегідей кішігірім құймақ жасаймыз.
Таба қызғанда бір шәй қасық сұйық май қосып жібергеніңіз абзал!

Дәмді құймақ

 Құймақтардың барлығына сары май жағып шығамыз. Артынан сүзбені аздаған қаймақпен және қантпен араластырып, құймақтардың арасына саламыз.

Дәмді құймақ

Асыңыз дәмді болсын!

Дәмді құймақ

Асханада болған RakishevaA :) 

Сүзбе бәліш, бәліш даярлау, бәліш дайындау, дәмді бәліш, піскен бәліш, сүзбе,

Сүзбе қосылған дәмді бәліш

Сүзбе бәліш, бәліш даярлау, бәліш дайындау, дәмді бәліш, піскен бәліш, сүзбе, Бізге қажетті болады:
  1. Сүзбе
  2. Қант
  3. Ванилин ұнтағы
  4. Қатпарлы қамыр:
  • 200 г. - маргарин.
  • 2 стақан - ұн
  • 1/2 стақан - су
  • 1 шәй қасық - қант
  • 1/4 шәй қасық - тұз
Қатпарлы қамырды жасау үшін: бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз. Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз. Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз. Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз. Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз. Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз. Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз. Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз. Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын. Астарыңыз дәмді болсын! Асханада болған Айнұр Ракишева Дереккөз: http://yvision.kz/post/288635

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР