Домой Теги сәбіз

сәбіз

Бұл беттен сіз "сәбіз" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: кекс (11), кекс дайындау (4), кекстер (7), сәбіз (3), сәбіз кекс (2)

Жаңғақ кекс дайындау

Сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ кекс дайындау Бізге қажет болады: - жарты стакан қант - жарты стакан қант пудрасы - 3 жұмыртқа - 100 гр сары май - жарты ш.қ. разрыхлитель - 1-1,5 стакан ұн - 1 үлкен сәбіз - 5-6 үлкен жаңғақ - 1 лимон цедрасы - жарты лимон суы Қант пен қант пудрасын жұмыртқалармен жақсылап араластырыңыз. 3-5 минуттай. Енді жұмсартылған май қосыңыз. Тағы біраз араластырып, ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді үккіштен өткізілген сәбізді және майдалап туралған жаңғақты қосыңыз. Жаңғақтарды аздап ұндасаңыз піскен кезде кекстің түбіне түсіп кетпейді. Ең сонында лимон цедрасы мен лимон суын қосып араластырыңыз. Кекс қамырын сопақ формаға құйып алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Сәбіз кекс

Сәбіз қосылған кекс жасау

Сәбіз кекс Бізге қажет болады:
  • 3 сәбіз
  • 200 гр қант
  • 3 жұмыртқа
  • 200-300 гр ұн
  • разрыхлитель
  • 200 гр сары май
  • жарты лимон суы
  • кокос талшығы
Алдыменен сары май мен қантты араластырыңыз. Қант толықтай еруі тиіс. Енді жұмыртқаларды қосып тағы араластырыңыз. Ұн мен разрызлительді араластырып, негізгі қоспаға қосып, қасықпен араластырыңыз. Шикі сәбіздерді майда үккіштен өткізіп қамырға қосыңыз. Ең соныңда лимон суын және талғамға қарай кокос талшығын қосыңыз. Ыдысты майлап, түбіне аздап кокос талшығын сеуіп қамыр құйыңыз. Енді 180C ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
өзбек палауы, өзбекше плов

Өзбекше палау жасаймыз

өзбек палауы, өзбекше плов
  • 4 үлкен сәбіз
  • 2 үлкен пияз
  • 1 кг қой еті
  • 2 сарымсақ
  • жарты стакан сұйық май
  • 1,5 ш.қ. шафран, жарты қасық зира
  • 1 ш.қ. тмин
  • 900 гр “Ақ маржан” күріші
  • 5-7 стакан су
  • 1 ас қасық тұз
  • қара бұрыш
Сәбізді ұзынша етіп тұраңыз. Пиязды жарты шеңберлеп тұраңыз. Қазанға май құйып, қыздырыңыз. Пияздың бір-екі үлкен тілімін майға жақсылап күйдіріп алыңыз. Дәмі шығуы үшін. Күйген пияздарды сүзіп тастаңыз. Майға пияз бен етті кезек кезегімен қуырыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. 15 минуттай қуырылған етке сәбіз қосып, сәбіз жұмсарғанға дейін қуырыңыз. Шафран қосыңыз. Сарымсақты аршып (немесе аршымай бірақ жақсылап жуып), етке қосыңыз. Зира мен тмин қосыңыз. Бір екі араластырып, қайнаған су құйыңыз. Бір қайнатып, астын бәсейтіңіз. Осындай жәй отта 40 минуттай бұқтырыңыз. Күрішті тазалап, кем дегенде 3 рет жақсылап жуыңыз. Ыстық суға жібітіңіз. Қазанның астын көтеріп, күрішті сеуіп салыңыз. Ет астында қалуы қажет. Бір қайнатып алып, астын бәсейтіңіз. Күріштің үстінен су толық тартылуы керек. Күрішті ортаға қарай жиыңыз. Тартылған кезде, ағаш қасықтың ұзын сабымен бірнеше жерінен астына дейін тесіңіз. Судың толық тартылуы үшін. Күріштің үстіне зирадан сеуіп, қазанның үстін нықтылап жауып қойып 15-20 минуттай палау піскенге дейін қойып қоямыз. Піскен кезде қазанды дереу ашпай, біраз күтіп ашыңыз. Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР