Домой Теги сәбіз кекс

сәбіз кекс

Бұл беттен сіз "сәбіз кекс" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: кекс (11), кекс дайындау (4), кекстер (7), сәбіз (3), сәбіз кекс (2)

Жаңғақ кекс дайындау

Сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ кекс дайындау Бізге қажет болады: - жарты стакан қант - жарты стакан қант пудрасы - 3 жұмыртқа - 100 гр сары май - жарты ш.қ. разрыхлитель - 1-1,5 стакан ұн - 1 үлкен сәбіз - 5-6 үлкен жаңғақ - 1 лимон цедрасы - жарты лимон суы Қант пен қант пудрасын жұмыртқалармен жақсылап араластырыңыз. 3-5 минуттай. Енді жұмсартылған май қосыңыз. Тағы біраз араластырып, ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді үккіштен өткізілген сәбізді және майдалап туралған жаңғақты қосыңыз. Жаңғақтарды аздап ұндасаңыз піскен кезде кекстің түбіне түсіп кетпейді. Ең сонында лимон цедрасы мен лимон суын қосып араластырыңыз. Кекс қамырын сопақ формаға құйып алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Сәбіз кекс

Сәбіз қосылған кекс жасау

Сәбіз кекс Бізге қажет болады:
  • 3 сәбіз
  • 200 гр қант
  • 3 жұмыртқа
  • 200-300 гр ұн
  • разрыхлитель
  • 200 гр сары май
  • жарты лимон суы
  • кокос талшығы
Алдыменен сары май мен қантты араластырыңыз. Қант толықтай еруі тиіс. Енді жұмыртқаларды қосып тағы араластырыңыз. Ұн мен разрызлительді араластырып, негізгі қоспаға қосып, қасықпен араластырыңыз. Шикі сәбіздерді майда үккіштен өткізіп қамырға қосыңыз. Ең соныңда лимон суын және талғамға қарай кокос талшығын қосыңыз. Ыдысты майлап, түбіне аздап кокос талшығын сеуіп қамыр құйыңыз. Енді 180C ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР