Домой Теги пудинг

пудинг

Бұл беттен сіз "пудинг" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: пудинг (2)

Пудинг жасау, дәмді пудинг, пудинг

Жылдам пудинг жасау

Пудинг жасау, дәмді пудинг, пудинг Бізге қажет болады: - 1 литр сүт - 5 ас қасық крахмал - 1 стакан қант - 2 пакет ванилин - какао (мен карамельді соусты қостым) - үгітілген жаңғақ / кокос ұнтағы Какаодан басқаның бәрін жәй отқа қойып үнемі араластыра отырып пісіріңіз. Қоюланып қайнай бастаған кезде ванилин қосып, тағы 3 минуттай пісіріп астын өшіріңіз. Енді пудингті ыдыстарға толтырмай құйып шығыңыз да, үстінен молынан жаңғақ сеуіп шығыңыз. қалған пудингке какао не болмаса карамель қосып араластырыңыз да ыдыстарға толтырып құйыңыз. Үстінен қайта жаңғақ/кокос ұнтағын сеуіп тоңазытқышқа кем дегенде 2 сағатқа қойып қойыңыз. Қалауыңыз бойынша пудингтің үстіне шоколад ұнтағын да сеуіп қойсаңыз болады. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
десерт, пудинг

Тирамису пудингі

десерт, пудинг Бисквит үшін: 2 жұмыртқаны 0,5 стакан қантпен және 0,5 стакан ұнмен + 1 ш.қ. разрыхлитель + 2 ас қасық какао араластыру керек та, майлы ыдысқа құйып, пісіру керек. Піскен кезде, үстіне 1 стакан қою қайнатылған кофе құйып жіберу керек. Енді үстіне құйылатын пудинг: 1,5 стакан қант + 1 стакан ұн + 2 ас қасық крахмал + 1 литр сүт + 1 жұмыртқа + 100 гр жұмсартылған сары май = осының бәрін алдыменен миксермен араластырып алу керек та, жәй отқа қойып пісіру керек. Пудинг қою болғанда – піскені. Піскен пудингке 200 гр “плавленный сливочный сыр” қосып жақсылап миксерлеу керек. Бисквиттің үстіне пудинг құйып, үстін тегістеп алып, тоңазытқышқа қою керек. Кем дегенде 1 түн тұрса жақсы. Дайын тирамисуды үстіне какао сеуіп ұсынасыз.

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР