Домой Теги пицца

пицца

Бұл беттен сіз "пицца" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: пицца (2)

Пицца дайындау, тарихы

Қазіргі кезде балалардың да, ересектердің де сүйіп жейтін тағамының бірі пицца екенін бәріміз білеміз. «Пицца» сөзі италия тіліндегі «pizzicare», яғни «ащы» деген сөзден шыққан. Ал пиццаның тарихы сонау ХVI ғасырдан басталады. Осы сүйікті асымызды үй жағдайында қалай дайындау керектігімен таныс болайық.

Қамырдың құрамы: 1 стақан су; Ұнның сөлшері суға байланысты; Қамыр ашытқысы - 20 грамм; Зәйтүн немесе өсімдік майы; Томат пастасы. Салманың құрамы: Зәйтүн жемісі - 50 гр; Орташа қызанақ - 3 дана; Болгар бұрышы - 1 дана; Шұжық - 100 гр; Сыр - 100 гр; Майонез. 1 стақан суға 20 грамм ашытқыны салып, ерітіп қоямыз. Пицца қамырына ашытқыны көп мөлшерде қосады. Ашытқы суда ерігеннен кейін, 1-2 ас қасық зәйтүн немесе өсімдік майын құямыз. Суға ұн салып, илейміз. Илегенде қамыр не қатты не тым жұмсақ болмауы тиіс, сондықтан ұнның мөлшері суға байланысты алынады. Қамырды илегеннен кейін бетін жауып, ашығанға дейін бөлек қоямыз. Зәйтүн жемістерін екіге бөліп тураймыз. Болгар бұрышын үлгідегідей жіңішке етіп тураймыз. Қызанақтарды дөңгелектеп турау қажет. Шұжықты ұзын тілім етіп тураймыз, ал сырды үккіштен өткіземіз. Жоғарыдағы салмамызды дайындап жатқанда, қамыр да ашып үлгерді. Қамырды алдын-ала аздап қыздырылған, беті майланған табаға жаямыз. Жайған қамырдың бетіне томат пастасын жағамыз немесе дүкендерде арнайы пиццаға арналған томат соусы да сатылады. Тым құрығанда, кетчуп жағуға да болады. Томат пастасының үстіне шұжықты саламыз. Оның үстіне қызанақты қоямыз. Содан соң болгар бұрышы... Зәйтүн жемісін де жақсылап орналастырамыз. Барлығын кезекпен салып шыққаннан кейін бетіне майонез жағамыз. Егер қызанақ, шұжықтан артылып қалса, екінші қабат ретінде салып жіберуге болады. Ең соңында бетіне сырды себеміз де, 180 градуста 20 минутқа пешке қоямыз. Пицца піскеннен кейін бөліктерге бөліп, ыстықтай дастарқанға ұсынуыңызға болады. Ас болсын!

Үй жағдайында пицца дайындау

IMG_6354 (Large) Пиццаның қамырын дайындау үшін:
  • Ұн - 1 стақан (200 мл)
  • Ашықты - 2 шәй қасық
  • Су - 10 ас қасық
  • Тұз - 0,5 шәй қасық
  • Сұйық май - 0,5 ас қасық
Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз. 20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.
Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.
Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз. IMG_6309 (Large) IMG_6313 (Large) Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз. IMG_6318 (Large) IMG_6326 (Large) IMG_6332 (Large) Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз. IMG_6335 (Large) IMG_6353 (Large)Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын ^_^ Дайындаған: RakishevaA

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР