Домой Теги палау жасау

палау жасау

Бұл беттен сіз "палау жасау" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: бұрыш (2), күріш (2), палау жасау (2)

күріш,миндаль жаңғағы,кешью,қара мейіз,шәй қасық,зира мен шафран аскөк ,қасық сұйық, май,бұрыш,сарымсақ, үнді палауы, плау жасау

Үнді палауын жасаймыз

күріш,миндаль жаңғағы,кешью,қара мейіз,шәй қасық,зира мен шафран аскөк ,қасық сұйық, май,бұрыш,сарымсақ, үнді палауы, плау жасау
  • 250 гр күріш
  • 50 гр миндаль жаңғағы
  • 50 гр кешью
  • 100 гр қара мейіз
  • 100 гр нут
  • шәй қасық тұз
  • 0,5 шәй қасығы зира мен шафран
  • аскөк
  • 6 ас қасық сұйық май
  • 1 ащы бұрыш
  • 1 түйір сарымсақ
Нутты бір күн бұрын суға жібітіп қойыңыз. Суға жұмсағанға дейін (15 минуттай) пісіріп алыңыз. Жаңғақтарды майдалап турап, майға қуырыңыз. Жаңғақтар қызара бастаған кезде, сүзіп алыңыз. Сол майға нуттарды қуырыңыз. Жуылған мейіздерді, майдалап туралған ащы бұрыш пен езілген сарымсақты қосыңыз. Жуылған күріш қосып араластырыңыз. Енді күрішті бір сауысақ қалыңдығында жауып тұратындай етіп қайнаған су құйыңыз. Су қайнай бастаған кезде, астын басып (ең жай отқа қойып) қойыңыз. 20 минуттай пісіріңіз. Күріштің үстіне жаңғақтарды қойып, тағы 15 минуттай пісіріңіз. 5-10 минутатй қақпағын ашпай демдеңіз. Аскөк турап араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Дереккөз: aspazdik.com
Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағам

Палау жасауды үйренейік

Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағамПалау жасау үшін:
  • 1-кг сары сәбіз
  • 2-3 бас пияз
  • 1-кг күріш
  • Пісте майы шамалап
  • 250-300 гр қой еті
  • Тұз
  • Зіре дәм беруші
  • Бояу
Алдымен қазанға май құйып қыздырып, етті турап саламыз. Жақсылап қуырып болған соң, үстіне пияз саламыз. Оны да жақсылап қуырып, ендң сәбізді салып қуырамыз. Біраздан кейін үстіне су құямыз. Орташа отта бұрқылдатып қайнатамыз. Күрішімізді жуып, суға салып жібітіп қоямыз. Қазанға тұзымызды салып, дәміне қараймыз. Күрішімізді салып бетіне зіре бояуымызды саламыз да суы тартылған соң, демдеуге көшеміз. Демдер кезде аздап су құямыз. От орташа болуы тиіс. 15-20 минутта асымыз дайын болады. Міне, бұл нағыз өзбек палауының пісірілуі. Ескерту: пісте май көп болса палау майлы әрі дәмді болады. Асыңыз дәмді болсын! Тағы да палауға қатысты рецептерді мына сілтемеден көруге болады: http://szh.kz/33647

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР