Домой Теги қой еті

қой еті

Бұл беттен сіз "қой еті" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: ет тағам (2), картоп (5), қой еті (3)

қуырдақ суреті

Үй жағдайында қуырдақ жасап үйренеміз

қуырдақ суреті Бізге қажет болады: - құйрық майы - ет - өкпе - жүрек - бауыр - қарын - ішек - пияз - тұз - бұрыш - көк пияз Қарын, ішек, бауыр, өкпе т.б алдын ала тазартылып жуылады. Аз ғана сүйық май қыздырыңыз. Тұралған өкпе мен май қосыңыз да 10 минут қуырыңыз. Тұралған жүрек пен ет қосып, тағы да 10 минут қуырыңыз. Қарын мен ішектерді қосып 30 минуттай пісіріңіз. Одан соң төртбұрыштап кесiлген бауырды қосыңыз да, ет бұрын тұздалмаған болса, тұздап, бұрыштаңыз. Пияздан көбірек тұрап қосыңыз. Картопты майдалап тұрап пияздың үстіне қойып, картоптың үстін шикі пиязбен жабыңыз. Қуырдақтың ортасына сәл жетпейтіндей етіп су немесе сорпа құйыңыз. Астын өлесіге (жәй отқа мағынасында) қойып, қуырдақ дайын болғанға дейін пісіріңіз. Сервис жасар алдында майдалап тұралған көк пияздан себіледі. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
ет фарш

Еттен рулет жасаймыз

ет фарш Бізге қажет болады: - жарты кг фарш - қара бұрыш, тұз - 2 піскен жұмыртқа - 2 піскен кішігірім сәбіз - 1 жұмыртқаның ағы - 1 тілім нанның жұмсағы - жарты стакан су Етті бұрыштап, тұздаңыз. Нанды суға жібітіп, сүзіп алыңыз да, етке қосыңыз. Араластырыңыз. Ыдысқа фольга төсеп, еттің жартысын төсеңіз. Піскен жұмыртқаны аршып, бүтіндей ортасына қойыңыз. Сәбізді аршып, ұзынша етіп жұқалап тұраңыз да, жұмыртқаның айналасына қойыңыз. Еттің екінші жартысын жұмыртқалардың үстінен жауып, шеттерін бүгіңіз. Еттің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Фольганы нықтап жауып, 220С ыстық духовкада 30-35 минут пісіріңіз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Чахохбили, Чахохбили жасау, дәмді тағам

Қой етінен жасалған Чахохбили

Чахохбили, Чахохбили жасау, дәмді тағам
  • 500 гр  қой еті (күйексіз),
  • 4 пияз,
  • 500 гр қызанақ,
  • 3 картоп,
  • 4 сарымсақ,
  • қызыл бұрыш,
  • киндза, базилик, укроп, мята.
Етті турап, аз майға қуырыңыз. Майдалап туралған пиязды қосып тағы 5 минут қуырыңыз. Тұздаңыз. Қызанақтарды ыстық судың астында 3 сек. ұстап, қабығын ашыңыз. Қызанақтарды да майдалап турап, тамаққа қосыныз. Картопты тураңыз да, қосып, 20 минуттай пісіріңіз. Қызыл бұрыш, киндза, базилик, укроп, мята қосып араластырыңыз да, отты басейтіп, тағы 5 минут пісірініз. Сарымсақ қосып, қазанның үстін ашпай күтіңіз. Астарыңыз дәмді болсын! Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР