Домой Теги нан

нан

Бұл беттен сіз "нан" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: нан (2)

Қуырылған нан

Көптеген адамдар кесіліп, қуырылған нан жасап жеуді ұнатады. Себебі ол әрі жеңіл әрі тез жасалатын тағамның бірі.

Оны дайындау үшін бізге: - 3 тілім нан; - 1 жұмыртқа; - 2 ас қасық сүт; - жарты қызанақ; - 3 ас қасық үгітілген сыр; - аскөк; - тұз, бұрыш; - өсімдік майы керек болады. Дайындау жолы: Жұмыртқаны сүтпен, аскөкпен араластырып, аз ғана тұз, бұрыш себіңіз. Қоспаны шанышқымен араластырып, көпіршіту керек. Нанды кесіп, жұмыртқа қоспасына салып, әбден сіңгенінше күтіңіз. Әзірше табаға май құйып, отқа қойып, қыздыра беріңіз. Нанды екі жағынан қуырып алыңыз. Дайын нанның үстіне қызанақты жұқалау етіп кесіп қойыңыз. Тұздап, үстінен үгітілген сырды себіңіз. Пешкеа қойып, сырдың еріп, нанның қызаруына дейін ұстаңыз. Ас болсын!
Хала ,самса, нан

Хала дәмді самса нанын жасайық

Хала ,самса, нан Бізге қажет ингредиенттер:
  • 300 гр. жылы сүт
  • 3 ас қ. сұйық май
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қ. шекер
  • 1 шәй қ. тұз
  • 1 ас қ. дрожь
  • 2 ас қ. бал
  • 3 ст. ұн
Үстінен себуге:
  • жұмыртқаның сарысы
  • мак
Жоғарыдағы ингредиенттермен қамыр илеп, жылы жерге 1,5-2 сағатқа қойып қойыңыз. Қамырыңыз ашыған соң, қалаған формада бөлішкелер жасаңыз да, бетін орамалмен жауып тағы көтерілгенше қойып қойыңыз. 1 сағаттан соң үстіне жұмыртқа сарысынан жағып, мактан себіңіз. Ыстық пеште 350Фте қамырыңыздың үстілері қызарғанға дейін пісіріңіз. Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР