Домой Теги Ұн тағамдары

Ұн тағамдары

Бұл беттен сіз "Ұн тағамдары" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: бәліш (6), дәмді бәліш (7), шабдалы (2), Ұн тағамдары (2)

Шабдалы бәліші

Бүгінгі жазбамда мен сізге өте қарапайым, әрі дәмді шабдалы бәлішін пісірудің жолын үйретемін. IMG_6945 Ингредиенттері:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 1 стақан
  • Қаймақ - 1 стақан
  • Ұн - 1 стақан
  • Қамыр қопсытқыш - 5 гр.(разрыхлитель теста)
  • Шабдалы
IMG_6947 Шабдалы бәлішін пісіру әдісі: Ұн мен қантты тостағанға салып миксермен үлпілдеген үлкен көбік болғанға дейін қопсытып, қаймақ салып жақсылап араластырамыз. Үстінен ұн мен қамыр қопсытқышын салып қасықпен жақсылап араластырамыз. Шабдалыны 1 см-дей көлемде турап, сары май жағылған табаға салып шығамыз да, үстіне дайын сұйық қамырды құямыз. Сөйтіп табаны қызып тұрған пешке салып, дайын болғанша пісіреміз.
Өзіңіздің қалауыңыз бойынша суреттегідей етіп безендірсеңіз болады. Біраз фантазияңызды ойнатып көріңіз :)
IMG_6944 Шабдалы қосылған дәмді бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын :)  IMG_6934 IMG_6939 Асханада болған: RakishevaA :)
тұзды самса,Слоеная самса, самса жасау

Тұзды самса жасайық

тұзды самса,Слоеная самса, самса жасау Қамыры: ұн + тұз + су. Қамырды илеп, жұқалап жаю керек те, үстіне ерітілген сары майды жағу керек. Орап, самса үлкендігіне қарай кесіп, дайын қамырды кем дегенде 1-2 сағат мұздай жерге қою керек. Ішіне: сиыр етінен фарш + асқабақ + пияз + сарымсақ + қара бұрыш пен тұз. Қалаған формада орап, үстіне жұмыртқа сарысын жағып, тмин себу керек. Ас болсын!

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР