Домой Теги Ұлттық тағам

Ұлттық тағам

Бұл беттен сіз "Ұлттық тағам" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: тағам (4), Ұлттық тағам (2)

Бешбармақ рецепт қазақша

Ет жылқы, сиыр, қой еті өз қалауыңызша алып жақсылап жуып, қазанға етті саламыз. Ет қайнаған кезде, көбігін алып, тұздап, отты азайтып, 2 сағаттай қайнатамыз. Енді қамырымызды дайындап аламыз. Қамырға:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 шәй қасық тұз
  • 200гр су
  • Ұн
Барлық қоспаларды қосып, жақсылап қамыр илеп 20 минутқа қамырымызды қойып қоямыз. 2пиязды алып майдалап турап ыдысқа салып, үстінен еттің бетіндегі майлы сорпадан құямыз да бұқтырамыз. Қамырымызды жайп алып, етті сүзіп қайнап тұрған сорпаға қамырымызды бір-бірлеп салып, піскен соң легенге сүзіп алфамыз. Етті турап, қамырдың бетіне май сорпасын құйып, бетіне етті салып , еттің бетінен қайта май сорпамызды құямыз. Өз қалауыңызша картоп пен сәбіз салуыңызға да болады. Бешбармақ дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Ұлттық тағам, наурыз көже, дәмді көже

Наурыз көже жасаймыз. Ұлттық тағам

Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Наурыз көже дайындау үшін бізге:  - Су Жүгері  -Сүрленген ет\қазы  -Жүгері жармасы - Бидай жармасы  -Тары жармасы Айран  - Айран Тұз  -Тұз
Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.
Наурыз көже Көжені дайындау үшін алдымен сүрленген ет пен қазыны жақсылап жуып (қажетіңізше тұз қоссаңыз болады), 2-2,5 сағат қайнатып қоямыз.
Негізінен көжеге соғымнан арнайы сақталған сүр ет қосылады.
Сұр ет Ет пісіп жатқанда жүгері мен бидайды жуып, қалауыңызша тұз қосып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағаттан кейін тары жармасын саламыз. Наурыз көже   Тары жармасының тез пісетіндігін ескере отырып тарыны салғаннан кейін көжені 15 минуттай ғана қайнатамыз. туралған ет сурет Дайын етті майдалап тураймыз. Ет пен сорпа   Сөйтіп туралған етті сорпасымен бірге дайын көжеге араластырып, суытып қоямыз. Сорпа айран Салқындаған көженің үстіне айран құямыз. Наурыз көже Наурыз көже дайын!
"Наурыз" мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін! Наурыз көже суреті Наурыз көженің видео-нұсқасы:

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР