Домой Теги лимон кекс

лимон кекс

Бұл беттен сіз "лимон кекс" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді кекс (6), кекс (11), лимон кекс (2)

лимон кекс

Лимон дәмді кекс дайындау

лимон кекс Бізге қажет болады: - 250 гр жұмсартылған сары май - 200 гр қант - 50 гр қант пудрасы - 4 жұмыртқа - 150 гр ұн - 125 гр крахмал - 1 ш.қ. разрыхлитель - 2 лимон цедрасы Глазурь үшін: - 200 гр қант пудрасы - 4 ас.қ. лимон шырыны Ұн + разрыхлитель + крахмалды елеп дайындап қойыңыз. Сары майды түсі ағара бастағанға дейін миксермен араластырыңыз. Қант пен қант пудрасын қосып ары қарай араластырыңыз. Енді бір-бірден жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін жақсылап араластырып тұрыңыз. Миксер жылдамдығын азайтып, ұн қоспасын қосыңыз. Ең соныңда лимон цедрасын қосыңыз. Кекс формаңызды майлап, қамырды құйыңыз. Қамырдың үстін тегістеп, алдын ала қыздырылған 170С духовкада 1 сағаттай пісіріңіз. Жылы кекстің үстіне глазурь (лимон шырыны + қант пудрасы) құйып, суытыңыз. Асыңыз дәмді болсын! лимон кекс Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Лимон шабдалы кексі

Лимон мен шабдалы қосылған кекс

Лимон шабдалы кексі Бізге қажет болады: - 200 гр жұмсартылған сары май - 1 стакан қант - 1 жұмыртқа - 1 лимон цедрасы мен шырыны - 2 стакан ұн - разрыхлитель - ванилин - 3 шабдалы Жұмсартылған май мен қант араластырып миксерлеңіз. Кезек кезегімен жұмыртқа, ванилин, лимон цедра мен шырынын, разрыхлитель қосылған ұн қосып, араластырыңыз. Бір шабдалыны майда төртбұрыштарға тұраңыз. Қамырға қосып араластырыңыз. Қалған екеуін жұқалап жарты шеңбер етіп тұраңыз. Ыдысты майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды ыдысқа біркелкі етіп төгіңіз. Үстін шабдалылармен сәндеп, 220С ыстықта пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР