Домой Теги кекстер

кекстер

Бұл беттен сіз "кекстер" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: кекс (11), кекс дайындау (4), кекстер (7)

Зебралы кексдайындау

Зебралы какао кексін әзірлеу

Зебралы кексдайындау Бізге қажет болады: - 4 жұмыртқа - 2 стакан қант - 1 шәй қасық сода (ас уксусына ерітілген) - 200 гр сары май - 1 стакан қаймақ - 2,5 стакан ұн - 3 ас қасық какао Қант пен жұмыртқаны жақсылап миксерлеңіз. Аз аздан қаймақ қосыңыз. Сода мен ұн қосыңыз. Қамырды екіге бөліңіз да, бір бөлігіне какао қосыңыз. Пісіретін ыдысыңызға кезек кезегімен ақ пен какао қосылған қара қамырдан қасықтап төгіңіз. 180С духовкада пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
айва қосылған кекс

Айва қосылған кекс әзірлеу

айва қосылған кекс Бізге қажет болады: - 200 гр сары май - 3 жұмыртқа - 1 стакан жылы сүт - 1 стакан қант - 1,5 (2) стакан ұн - разрыхлитель - ванилин - 4 айва - корица - 2 ас қасық лимон суы - 2 стакан су Айваларды аршып жұқалап тілімдеңіз. Суға лимон суын қосып, соның ішінде тұралған айваларды салып пісіріңіз. Піскен айваларды сүзіп алып, корица мен кішкене ғана қант қосып суытыңыз. Сары майды ағарғанша миксерлеңіз. Шамамен 5 минут. Қант қосып, қант толығымен ерігенше миксерлеңіз – тағы 5-7 минут. Жұмыртқаларды біртіндеп қосып араластырыңыз. Сүтті қосыңыз. Еленген ұн мен разрыхлительді + ванилинді бөлек ыдыста араластырыңыз. Бәрін араластырып кекс қоюлығында қамыр жасаңыз. Пісіретін форманы майлап аздап ұн себелеңіз. Айва тілімдерін әдемілеп тізіңіз, оның үстіне қамырдың жартысын төгіңіз да, қалған айваларды тізіңіз. Қалған қамырды үстіне төгіп, 190-200С духовкада үсті қызарып піскенге дейін ұстаңыз. Піскен кексті кем дегенде 30 минут формадан шығармай суытыңыз. Сервис жасар алдында кексті теріс төңкеріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Курага қосылған кекс

Курага қосылған кекс дайындау

Курага қосылған кекс Бізге қажет болады: - 4 жұмыртқа - 1 стакан сұйық май - 1 стакан қант - 1 стакан жылы сүт - 1 стакан майдалап тұралған курага мен мейіз - ұн + разрыхлитель + ванилин Жұмыртқа + май + қант + сүтті көрсетілген кезекте араластырыңыз. Осы қоспадан жарты стакандай бөліп қойыңыз. Қалғанына ұн + разрыхлитель + ванилин + курага мен мейіз қосып араластырыңыз да, 180С духовкада үсті қызарып піскенге дейін пісіріңіз. Піскен кекс үстіне бөліп қойған сүт қоспасын біркелкі етіп төгіңіз. Суытып тілімдеңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Жаңғақ кекс дайындау

Сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ кекс дайындау Бізге қажет болады: - жарты стакан қант - жарты стакан қант пудрасы - 3 жұмыртқа - 100 гр сары май - жарты ш.қ. разрыхлитель - 1-1,5 стакан ұн - 1 үлкен сәбіз - 5-6 үлкен жаңғақ - 1 лимон цедрасы - жарты лимон суы Қант пен қант пудрасын жұмыртқалармен жақсылап араластырыңыз. 3-5 минуттай. Енді жұмсартылған май қосыңыз. Тағы біраз араластырып, ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді үккіштен өткізілген сәбізді және майдалап туралған жаңғақты қосыңыз. Жаңғақтарды аздап ұндасаңыз піскен кезде кекстің түбіне түсіп кетпейді. Ең сонында лимон цедрасы мен лимон суын қосып араластырыңыз. Кекс қамырын сопақ формаға құйып алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
апельсин кекс

Қызыл апельсин қосылған кекс

апельсин кекс Бізге қажет болады:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 стакан қант пудрасы
  • 150 гр сары май
  • 1 ш.қ. разрыхлитель
  • жарты стакан жаңғақ
  • қызыл апельсин
Жұмыртқаларды қант пудрасымен жақсылап араластырыңыз. Жұмсарып қалған майды қосыңыз. Тағы да араластырып, ішіне ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Осы сәтте қамыр қоюлау болады (печенье қамыры сияқты). Ішіне апельсин етін салып қосқаннан кейін қамыр керек сұйықтықта бола қалады. Ең соныңда үгітілген жаңғақтарды қосыңыз. Қамырды майланған ыдысқа қойып, 180С үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Үстіне қалауыңыз бойынша қант пудрасын сепсеңіз болады. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Сәбіз кекс

Сәбіз қосылған кекс жасау

Сәбіз кекс Бізге қажет болады:
  • 3 сәбіз
  • 200 гр қант
  • 3 жұмыртқа
  • 200-300 гр ұн
  • разрыхлитель
  • 200 гр сары май
  • жарты лимон суы
  • кокос талшығы
Алдыменен сары май мен қантты араластырыңыз. Қант толықтай еруі тиіс. Енді жұмыртқаларды қосып тағы араластырыңыз. Ұн мен разрызлительді араластырып, негізгі қоспаға қосып, қасықпен араластырыңыз. Шикі сәбіздерді майда үккіштен өткізіп қамырға қосыңыз. Ең соныңда лимон суын және талғамға қарай кокос талшығын қосыңыз. Ыдысты майлап, түбіне аздап кокос талшығын сеуіп қамыр құйыңыз. Енді 180C ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Столичный кексі, кекс жасау, дәмді кекс

Столичный кексін жасап үйренейік

Столичный кексі, кекс жасау, дәмді кексБізге қажет нәрселер:
  • 250 гр сары май
  • 3 жұмыртқа
  • разрыхлитель
  • 200 гр қант
  • 250 гр ұн
  • қант пудрасы (үстіне себу үшін)
  • қара мейіз
Алдымен сары майды жақсылап ерітіп, араластырыңыз. Қант қосып, ол толық ерігенше араластыруды жалғастырыңыз. Осы қоспаның ішіне бір-бірден жұмыртқа жарыңыз. Ұн мен разрыхлительді електен өткізіп, қасықпен жайлап қоспамен араластырыңыз. Мейізді жылы суда біраз ұстап, кептіріңіз де, ұнға малып қамырға қосыңыз. Араластырыңыз. Майланған және үстіне аздап ұн себілген ыдысқа қамырды қойып 160С ыстық пеште үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Піскен кексті жақсылап суытып алып қана үстіне қант пудрасын електен өткізіп сәндеңіз. Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР