Домой Теги кекс дайындау

кекс дайындау

Бұл беттен сіз "кекс дайындау" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: кекс (11), кекс дайындау (4), кекстер (7)

Зебралы кексдайындау

Зебралы какао кексін әзірлеу

Зебралы кексдайындау Бізге қажет болады: - 4 жұмыртқа - 2 стакан қант - 1 шәй қасық сода (ас уксусына ерітілген) - 200 гр сары май - 1 стакан қаймақ - 2,5 стакан ұн - 3 ас қасық какао Қант пен жұмыртқаны жақсылап миксерлеңіз. Аз аздан қаймақ қосыңыз. Сода мен ұн қосыңыз. Қамырды екіге бөліңіз да, бір бөлігіне какао қосыңыз. Пісіретін ыдысыңызға кезек кезегімен ақ пен какао қосылған қара қамырдан қасықтап төгіңіз. 180С духовкада пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Какос кекс

Кокос қосылған кекс

Какос кекс Бізге қажет болады: - 1 стакан сгущёнка - 0,5 стакан сүт - 1 жұмыртқа - 6 ас қасық крахмал - 6 ас қасық ұн - жарты стакан кокос талшығы - 1 ш.қ сода - ванилин - үсті үшін қант пудрасы Бәрін араластырыңыз. Ыдысты майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды ыдысқы құйып, 190-200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Дайын кекстті суытып, үстіне елекпен біркелкі етіп қант пудрасын себіңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
айва қосылған кекс

Айва қосылған кекс әзірлеу

айва қосылған кекс Бізге қажет болады: - 200 гр сары май - 3 жұмыртқа - 1 стакан жылы сүт - 1 стакан қант - 1,5 (2) стакан ұн - разрыхлитель - ванилин - 4 айва - корица - 2 ас қасық лимон суы - 2 стакан су Айваларды аршып жұқалап тілімдеңіз. Суға лимон суын қосып, соның ішінде тұралған айваларды салып пісіріңіз. Піскен айваларды сүзіп алып, корица мен кішкене ғана қант қосып суытыңыз. Сары майды ағарғанша миксерлеңіз. Шамамен 5 минут. Қант қосып, қант толығымен ерігенше миксерлеңіз – тағы 5-7 минут. Жұмыртқаларды біртіндеп қосып араластырыңыз. Сүтті қосыңыз. Еленген ұн мен разрыхлительді + ванилинді бөлек ыдыста араластырыңыз. Бәрін араластырып кекс қоюлығында қамыр жасаңыз. Пісіретін форманы майлап аздап ұн себелеңіз. Айва тілімдерін әдемілеп тізіңіз, оның үстіне қамырдың жартысын төгіңіз да, қалған айваларды тізіңіз. Қалған қамырды үстіне төгіп, 190-200С духовкада үсті қызарып піскенге дейін ұстаңыз. Піскен кексті кем дегенде 30 минут формадан шығармай суытыңыз. Сервис жасар алдында кексті теріс төңкеріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Жаңғақ кекс дайындау

Сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

Жаңғақ кекс дайындау Бізге қажет болады: - жарты стакан қант - жарты стакан қант пудрасы - 3 жұмыртқа - 100 гр сары май - жарты ш.қ. разрыхлитель - 1-1,5 стакан ұн - 1 үлкен сәбіз - 5-6 үлкен жаңғақ - 1 лимон цедрасы - жарты лимон суы Қант пен қант пудрасын жұмыртқалармен жақсылап араластырыңыз. 3-5 минуттай. Енді жұмсартылған май қосыңыз. Тағы біраз араластырып, ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді үккіштен өткізілген сәбізді және майдалап туралған жаңғақты қосыңыз. Жаңғақтарды аздап ұндасаңыз піскен кезде кекстің түбіне түсіп кетпейді. Ең сонында лимон цедрасы мен лимон суын қосып араластырыңыз. Кекс қамырын сопақ формаға құйып алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР