Домой Теги картоп

картоп

Бұл беттен сіз "картоп" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: картоп (5), салат жасау (13)

Бұршақ пен Картоп салатын жасау

img_6748 Бізге қажет болады: - 3 піскен картоп - көк бұршақ - десерт жүгері - тұз - ащты қызыл бұрыш - зәйтүн майы Піскен картопты төртбұрыштап тұраңыз. Зәйтүн майды қыздырып, қызыл бұрыш пен тұз аралас картопты аздап қана қуырыңыз. Көк бұршақ пен жүгері қосып араластырыңыз да, сервис жасаңыз. Укроп қоссаңыз болады. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Картоп салатын әзірлеу

0bbd0b0d182 Бізге қажет болады: - 5 ірі картоп - ақжелек - аскөк - ірі қызыл бұрыш - сумак - жарты лимон суы - зәйтун майы - 1 кіші пияз - 1 жартылай ащы бұрыш - 1 орта қызанақ Картоптарды қабығымен тұзды суда пісіріңіз. Осы кезде аскөк, ақжелекті майдалап тураңыз. Пиязды майдалап турап, сумакпен бірге араластырып қойыңыз. Бұрышты да майдалап тураңыз. Піскен картоптарды аршып, ірілеп тураңыз. Қалған заттарға қосып, майдалап туралған қызанақпен бірге араластырыңыз. Соус жасап қосыңыз. Ол үшін бір кеседе қызыл бұрыш пен аздап тұзды (картоп тұзды суда піскені үшін) лимон суымен араластырыңыз. Ең соныңда зәйтун майын қосып, дайын соусты салатқа құйыңыз. Араластырып сервис жасасаңыз болады. Бірақ 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қойып сервис жасасаңыз, соус жақсылап сіңіп, салаттың дәмі ұлғая түседі. Асыңыз дәмді болсы! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Картопты рулет салаты

картоп рулет Бізге қажет болады:
  • 4-5 картоп
  • көк бұршақ
  • шұжық
  • 4-5 корнишон қияры
  • 2 жұмыртқа
  • аскөк
Картоптарды аршып, тұзды суға пісіріп алыңыз. Картоптар піскен кезде (артық суы бар болса оны төгіп) жарты стакандай сүт пен үлкен қасық сары май қосып пюре жасаңыз. Жұмыртқаларды пісіріп алыңыз. Жұмыртқаларды, шұжық пен корнишондарды төртбұрыштап тураңыз. Арнайы “пленка”ға картоп пюресін қойып, жайыңыз.  Картоптың үстіне бұршақ және алдын ала туралғандарды қойып, рулет етіп пленкаға ораңыз. Тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойып қойыңыз. Картоп форманы жақсы ұстауы керек. Аскөкті майдалап тураңыз. Енді рулетті аскөкке  малып (?), тілімдеп кесіңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
қуырдақ суреті

Үй жағдайында қуырдақ жасап үйренеміз

қуырдақ суреті Бізге қажет болады: - құйрық майы - ет - өкпе - жүрек - бауыр - қарын - ішек - пияз - тұз - бұрыш - көк пияз Қарын, ішек, бауыр, өкпе т.б алдын ала тазартылып жуылады. Аз ғана сүйық май қыздырыңыз. Тұралған өкпе мен май қосыңыз да 10 минут қуырыңыз. Тұралған жүрек пен ет қосып, тағы да 10 минут қуырыңыз. Қарын мен ішектерді қосып 30 минуттай пісіріңіз. Одан соң төртбұрыштап кесiлген бауырды қосыңыз да, ет бұрын тұздалмаған болса, тұздап, бұрыштаңыз. Пияздан көбірек тұрап қосыңыз. Картопты майдалап тұрап пияздың үстіне қойып, картоптың үстін шикі пиязбен жабыңыз. Қуырдақтың ортасына сәл жетпейтіндей етіп су немесе сорпа құйыңыз. Астын өлесіге (жәй отқа мағынасында) қойып, қуырдақ дайын болғанға дейін пісіріңіз. Сервис жасар алдында майдалап тұралған көк пияздан себіледі. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Бефстроганоф

Бефстроганоф жасап көреміз

Бефстроганоф Бізге қажет болады: - сиыр еті - тұз - қара бұрыш - пияз - 1 қасық ұн - жарты стакан қаймақ - 2 қасық томат Етті жұқалап ұзынынан тұраңыз. Тұз, қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пиязды жіңішкелеп тұрап, майға қуырыңыз. Етті қосып, енді бірге қуырыңыз ет жұмсарып піскенге дейін томат қосыңыз. Ұн қосып бәрін бірге қуырыңыз. Қаймақ қосып, сәл қайнатасыз. Дайын болды. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР