Домой Теги көкөністер

көкөністер

Бұл беттен сіз "көкөністер" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: көкөністер (2), тауық еті (5)

тауық еті, тағам жасау, көкөністер, тауық еті мен көкөніс

Тауық етіне көкөністер қосып тағам жасаймыз

тауық еті, тағам жасау, көкөністер, тауық еті мен көкөніс Бұл тамақ расында да өте ыңғайлы. Әсіресе көп түрлі тамақ пісіру керек болған кезде, олардың бәрін пісіруге үлгермей жатқан кезде... табылған ақыл болмақ . Тамақ пеште пісе бергенше салатты да жасап, сорпаны да пісіріп үлгересіз. Аз машақатты, дәмді тағам түрі. Жүгері, көк бұршақ қосып тауықпен де, етпен де талай жасап жүрсем де, рецептті аспаздыққа жазу бүгінге бұйырған екен. - 1 кг тауық - 5 картоп - 2 қызанақ - 2 болгар бұрышы - 1 сарымсақ - 1 сәбіз Көкөністердің бәрін аршып, ірілеп тураңыз. Тауықты жуып, бөлшектеңіз. Тұз + қызыл бұрыш + майдаланған сарымсақ қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз. Пеш үшін арнайы ыдысқа қойып, үстін фольгамен немесе “рукав”-пен жауып, 220С ыстықта пісіріңіз. Тауықтың суы аздап тартылғанда астын өшіріп, сервис жасаңыз. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com
Тауық еті ,көкөністер, дәмді тағам, духовкада пісіру

Тауық еті мен көкөністерді пеште пісіреміз

Тауық еті ,көкөністер, дәмді тағам, духовкада пісіру Суреттегі пеште піскен тауықтың рецепті бұрын бергенімнен сәл ерекшелеу. Ауызашарға машақаттау болып көрінгенімен, ондай емес. Рет ретімен жазайын:
  • тауық
  • картоп
  • қызанақ
  • пияз
  • болгар бұрышы
  • тұз, ірі қызыл бұрыш
  • аздап зәйтун майы
Алдымен картоптарды аршып, суға жартылай пісіріп аласыз. Сәбізді зәйтун майға 4 минуттай қуырып аласыз, пияз қосып тағы 2 минут қуырыңыз. Енді тауықты бөлшектеп, ыстыққа төзімді шұңғыл ыдысқа қоясыз да, жартылай пісіп туралған картоптармен араластырасыз. Тұздап, бұрыштайсыз. Үстіне пияздарды қойып, оның үстіне де туралған болгар бұрышын тізесіз. Ең соныңда домалақтап туралған қызанақтарды да тузуп, үстіне ешқандай да фольга жаппай 200С ыстық пешке қоясыз. Қызанақтардың түрі өзгере бастаған кезде, тағамының дайын болады. Мен қасына брокколи пісірдім: ол үшін броколли гүлдерін қайнап тұрған суда 5 минут пісіріп алдым да, аздап лимон суымен араластырып қойдым. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР