Home Tags көкөніс

Tag: көкөніс

спагетти, спагетти жасау, дәмді спагетти

Көкөніс қосылған спагетти жасау

спагетти, спагетти жасау, дәмді спагетти Бізге қажет болады:
  • 5 орта бой картоп
  • 2 пияз
  • 200 гр фарш
  • 1 сабіз
  • 3 татті бұрыш
  • спагетти
  • 100 гр сыр
  • қызанақ
  • 1 стакан су
  • 1 ас қасық томат
  • тұз
  • бұрыш
  • петрушка
Картоп пен сәбізді турап, жарты шики етіп қуырып аламыз. Тұздаңыз. Ет пен сабізді бөлек ыдыста қуырыңыз. Тұздаңыз Ет пісірген ыдысқа жартылай қуырылған картоп пен сәбізді қойыңыз да, үстінен ірі төртбұрыштап туралған тәті бұрыш қойыңыз. Ең соңында қызанақтарды әр жерінен қадап қойыңыз. 1 стакан суга 1 ас қасық томат ерітіп, үстіне құйыңыз. Осының бәрін фольгамен жауып, 180 С духовкада 25 минуттай пісіріңіз. 1 литр тұзды су қайнатып, ішіне спагетти қойып 10 минуттай пісіріңіз. Піскен спагеттиді мұздай суға шайып, майдалап туралған (немесе теркадан өткізілген) сыр қосып араластырыңыз. Астарыңыз дәмді болсын! Дереккөз: aspazdik.com
Саңырауқұлақ,көкбұршақ қуырмасы

Кәді, саңырауқұлақ және көкбұршақ қуырмасы

Саңырауқұлақ,көкбұршақ қуырмасы
  • кәді
  • жарты кг саңырауқұлақ
  • жас көк бұршақ
  • 2 қызанақ
  • тұз бен қалауыңызша түрлі дәмдеуіштер
  • 1 пияз бен көк пияз
Бұл астың бір жақсы жері, бәрі бір табаның ішінде піседі. Ағылшындар айтқандай one-pot dish. Жоғарыда да айтқанымдай қарапайым ас болды, бірақ тойымды әрі дәмді. Сонымен: Алдымен пиязды жарты шеңберлеп турап алдым да, майға қуырдым. Пияздың түсі өзгере бастаған кезде, жарты шеңберлеп туралған саңырауқұлақтарды қостым. Осы кезде аздап тұз қостым. Кәділерді жартылай аршып, ірі төртбұрыштарға турадым. Саңырауқұлақтардың түсі қоңыраңқырай бергенде кәдіне қостым. Енді табаның үстін жауып, кәділердің көлемі өзгергенге дейін пісірдім (осы жерде айта кетейін, шам қақпақты табалар сондай ыңғайлы!). Көкбұршақ пен қызанақтарды турап қостым. Дәмдеуіштер мен тағы аздап тұз қосып бәрін қызанақтың суына бұқтырдым. Қасына күріш пен Greek Yogurt табылса .. мм, дәмді. aspazdik.com