Кәдірбек Құныпияұлы: Сайлау біз күткен деңгейде болды

19 наурызда өткен ҚР мәжілісті және мәслихаттарға депутаттарды сайлау біз күткен деңгейде болды деп есептеймін. Өзіміз куә болған сайлау учаскелеріндегі атмосфера осыған көзімізді жеткізді.

Мәселен Кеген ауданындағы Бөлексаз сайлау учаскесінде таңғы сағат жеті болмай-ақ дауыс берушілер жинала бастады. Ең қарт сайлаушы мен ең жас сайлаушыға сыйлық тапсырылды.

Ауданның барлық сайлау учаскелерінде халық белсенділігі өте жоғары деңгейде болды. Яғни, сайлаушылардың саяси өресі анағұрлым жоғарылай бастаған.

Халықтың жаңа мәжіліс пен мәслихаттарына артып отырған сенімі де орасан. Депутаттарымыз осы сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!