Home Tags кәді салаты

Tag: кәді салаты

Кәді қосылған салат

img_9780 Бізге қажет болады: - 2 үлкен кәді - 4 картоп - 4 қызанақ - салат жапырақтары - 1 үлкен сары тәтті бұрыш - 1 үлкен жасыл тәтті бұрыш Кәді мен картопты аршып төртбұрыштап тұраңыз. Зәйтүн майға кезек кезегімен қуырыңыз. Қағаз майлыққа түсіріп, артық майдың майлыққа сініп кетуін қадағалаңыз. Тәтті бұрыштарды тазалап, төртбұрыштап тұрап, қатты қызып тұрған майға аз ғана қуырып алыңыз. Қызанақтарды да төртбұрыштап тұраңыз. Бәрін араластырып, тұз қосыңыз да салат жапырақтарын ірі-ірі етіп тұрап араластырыңыз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Духовкада піскен, кәді салаты, дәмді кәді

Пеште піскен кәді салаты

Духовкада піскен, кәді салаты, дәмді кәді Кәдіні пешке салып, 15-20 минуттай пісіру керек. Ешнәрсе жақпай, құр өзі пісіріледі. Үлкен тәтті бұрышты, қызанақ пен пиязды турайсыз. Піскен кәдінің сыртын аршып, төртбұрыштап турап жіберіп қалған заттарға қосу керек. Қалауыңызша аскөк пен сарымсақ қосыңыз. Тұздап, бұрыш қосыңыз да, 1 ас қасық зәйтүн маймен араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын! Дереккөз: aspazdik.com