
Бүгін мен сіздерді корей асханасының танымал тағамы "
Кимбаптың" жасалу жолымен таныстырмақпын.
Кимабап дайындау үшін бізге қажет болады:
- Қияр, сыр, краб таяқшалары, балық, колбаса т.б.
Кимбаптың бір ыңғайлы жері оның ішіне үйдегі тоңазытқыштан табылатын кез-келген көк-өністер мен балық, колбаса, сыр сынды өзгеде тағамдарды сала беруге болады.

Алдымен күрішті жақсылап жуып, үстіне күріштің өзінен сәл асырып су құямыз. Су қайнағанға дейін күріш табаға жабысып қалмауы үшін араластырып тұрған абзал. Су қайнаған кезде отты төмендетіп, бетіне жартылай қиғаш етіп қақпағын жауып қоямыз. 20-25 минуттай тұрғаннан соң күріштің суы тартылады. Дайын күрішті сол ыстық күй нори жапырақшасына саламыз.
Erke_ky3ден кеңес: Нори жапырақшасына салқындаған күріштен гөрі ыстық күріш салса, кимбапты ораған кезде ол нығыз болып шығады.

Арасына алдын-ала дайындаған қияр, сырларды саламыз.
Erke_ky3ден кеңес: Кимбап дайындаған кезде арасында міндетті түрде қияр, редиска сынды өзек салып жіберу керек. Ол дайын кимбапты турауға ыңғайлы болуы үшін.

"Кимбап" дайын!
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: https://twitter.com/RakishevaA