Домой Теги фарш

фарш

Бұл беттен сіз "фарш" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді ас (3), ет (2), ет жеу (2), фарш (3), қой еті (3)

ет фарш

Еттен рулет жасаймыз

ет фарш Бізге қажет болады: - жарты кг фарш - қара бұрыш, тұз - 2 піскен жұмыртқа - 2 піскен кішігірім сәбіз - 1 жұмыртқаның ағы - 1 тілім нанның жұмсағы - жарты стакан су Етті бұрыштап, тұздаңыз. Нанды суға жібітіп, сүзіп алыңыз да, етке қосыңыз. Араластырыңыз. Ыдысқа фольга төсеп, еттің жартысын төсеңіз. Піскен жұмыртқаны аршып, бүтіндей ортасына қойыңыз. Сәбізді аршып, ұзынша етіп жұқалап тұраңыз да, жұмыртқаның айналасына қойыңыз. Еттің екінші жартысын жұмыртқалардың үстінен жауып, шеттерін бүгіңіз. Еттің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Фольганы нықтап жауып, 220С ыстық духовкада 30-35 минут пісіріңіз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
фарш,үлкен асқабақ(кабачок), ащы бұрыш, көк бұрыш, саңырауқұлақ,қызанақ,түйір сарымсақ,пияз тұз,аскөк, кептірілген жалбыз

Ет қуырмасы мен асқабақ (кабачок) тағамы

фарш,үлкен асқабақ(кабачок), ащы бұрыш, көк бұрыш, саңырауқұлақ,қызанақ,түйір сарымсақ,пияз тұз,аскөк, кептірілген жалбыз
  • 200 гр фарш
  • 1 үлкен асқабақ(кабачок)
  • 1 ащы бұрыш
  • 1 көк бұрыш
  • 2 дана саңырауқұлақ
  • 1 қызанақ
  • 1 түйір сарымсақ
  • 1 пияз
  • тұз және аскөк
  • 1 ш.қ. кептірілген жалбыз
Алдыменен жалбызды + сарымсақты + ащы бұрышты майға қуырып алыңыз. Пиязды майдалап турап қосыңыз. Пияз сәл қуырылып болған соң, етті қосып қуырамыз. Қызанақты аршып, қосыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. Сарымсақ пен көк бұрышты турап қосыңыз. Кабачокты аршып, 1 см қалыңдықтағы ұзыншаларға тураңыз. Етке қосып, араластырыңыз. Қайнаған су қосып, астын басып бұқтырыңыз. Су тартыла бергенде, аскөк қосып жайлап араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын!
фаршталған кәділер, фарш, фарштан тағам, фарш ас, фарш туралы

Фаршталған кәділер тағамын жасайық

фаршталған кәділер, фарш, фарштан тағам, фарш ас, фарш туралы Фаршталған кәділердің басқа атауы да “карниярык” (түрк.) Жасалынуы машақатты көрінгенімен, тағамды 20-ақ минутта (+40 минут духовкада) жасауға болады. - 4 кәді - 500 гр майсыз фарш - 1 үлкен пияз - қалауыңызша: сәбіз, болгар бұрышы - 2 үлкен қызанақ - 1 түйір сарымсақ - 2 ас қасық томат - 1,5 стакан қайнаған су Кәділерді аласа аршып, екіге бөліңіз. Аз майланған табада кәділердің екі бетін қызартыңыз. Іші жұмсаған кезде, қағаз майлыққа түсіріп алыңыз. Енді табаға майдалап туралған пияз бен фаршты қуырып алыңыз. Қызанақтарды қайнаған суда 2-3 минут ұстап, қабығын аршыңыз. Майдалап туралған сарымсақпен араластырыңыз. Кәділерді пісіретін ыдысыңызға тізіп, ортасын шаңышқымен ашыңыз. Ортасына дайын фарш пен қызанақ қоспасын қойыңыз. Енді 1,5 стақан қайнаған суда 2 қасық томат ерітіп, кәділердің үстіне құйыңыз да, 220С ыстық пеште су азайғанға дейін пісіріңіз. Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР