Домой Теги ет

ет

Бұл беттен сіз "ет" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: ет (2), салат (14)

Жусай мен ет қосылған салаты

Бізге қажет болады:
  • 2 бума жусай
  • 100-150 гр ет
  • қызыл бұрыш пен қара бұрыш
  • тұздалған су
  • 1-1,5 ас қасық соя соусы
  • 1-1,5 ас қасық сірке
  • 1 жұмыртқа
1 Жусайды жуып, ақ жақтарды кесіп тастаңыз. Оларды да турай салуға болады деген негізі, бірақ мен қатты болады деп алып тастаймыз. Енді жусайды өзіңізге ыңғайлы ұзындықта тураңыз. Мен суреттегідей 2 см етіп тураңыз. 2 Тұздалған суды қайнатып, жусайды соның ішінде 2-3 минуттай пісіріңіз. Жай үстіне ыстық су құйып та жасауға болады, мен пісіруді жөн көрдім. Енді, артық суын алу үшін, жусайды сүзегіге (ор. дуршлаг) қойыңыз. 3 Осы арада етті ұзынша турап, аз майға қуырыңыз. Үнемі араластырып тұрыңыз. Соя соусы қосылатын болғандықтан, мен етке мүлдем тұз қоспағанмын. Оның орнына қызыл бұрыш пен қара бұрыш қостым. 4 Қосқаным ірі тәтті қызыл бұрыш болғандықтан, аямай жарты ас қасық салған едім. Қара бұрышты көп дегенде жарты шәй қасық па солай қосқанмын. Жусайды аздап (қатты сығып езіп жібермеңіз) сығыңыз. Сулы болмауы керек әйтеуір. 5 Қуырылған етті жусайға майымен бірге қосып, араластырыңыз. Ет пен жусайдың арақатынасы (ор.соотношение) фунчеза салатындағыдай болуы керек. Яғни, жусай еттен көбірек болса жақсы. 6 Енді, салатқа сірке суы мен соя соусын қосыңыз. Мен 6% алма сіркесін қолдандым. Егер % көп сірке қолданатын болсаңыз, мөлшерін азайтыңыз. Соя соусын да талғамыңызға қарай қосыңыз. 8 Салаттың жасалынуын осымен бітірсеңіз де болады. Салатты бір ыдысқа қойып, соус сіңуі үшін тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қойып қойсаңыз болды. Бірақ мен қосымша ретінде салатқа 1 жұмыртқаны қуырып, ұзынша етіп турап қосқан едім. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
ет фарш

Еттен рулет жасаймыз

ет фарш Бізге қажет болады: - жарты кг фарш - қара бұрыш, тұз - 2 піскен жұмыртқа - 2 піскен кішігірім сәбіз - 1 жұмыртқаның ағы - 1 тілім нанның жұмсағы - жарты стакан су Етті бұрыштап, тұздаңыз. Нанды суға жібітіп, сүзіп алыңыз да, етке қосыңыз. Араластырыңыз. Ыдысқа фольга төсеп, еттің жартысын төсеңіз. Піскен жұмыртқаны аршып, бүтіндей ортасына қойыңыз. Сәбізді аршып, ұзынша етіп жұқалап тұраңыз да, жұмыртқаның айналасына қойыңыз. Еттің екінші жартысын жұмыртқалардың үстінен жауып, шеттерін бүгіңіз. Еттің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Фольганы нықтап жауып, 220С ыстық духовкада 30-35 минут пісіріңіз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР