Домой Теги ет жеу

ет жеу

Бұл беттен сіз "ет жеу" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді ас (3), ет (2), ет жеу (2), фарш (3), қой еті (3)

ет фарш

Еттен рулет жасаймыз

ет фарш Бізге қажет болады: - жарты кг фарш - қара бұрыш, тұз - 2 піскен жұмыртқа - 2 піскен кішігірім сәбіз - 1 жұмыртқаның ағы - 1 тілім нанның жұмсағы - жарты стакан су Етті бұрыштап, тұздаңыз. Нанды суға жібітіп, сүзіп алыңыз да, етке қосыңыз. Араластырыңыз. Ыдысқа фольга төсеп, еттің жартысын төсеңіз. Піскен жұмыртқаны аршып, бүтіндей ортасына қойыңыз. Сәбізді аршып, ұзынша етіп жұқалап тұраңыз да, жұмыртқаның айналасына қойыңыз. Еттің екінші жартысын жұмыртқалардың үстінен жауып, шеттерін бүгіңіз. Еттің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Фольганы нықтап жауып, 220С ыстық духовкада 30-35 минут пісіріңіз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
таңғы ас, еттен таңғы ас, ас тамақтану

Таңғы асқа ет қосылған жұмыртқа

таңғы ас, еттен таңғы ас, ас тамақтану
  • 100 гр фарш
  • 1 пияз
  • бір тілім ірімшік
  • бір жұмыртқа
  • тұз, бұрыш
Пиязды майдалап турап, фаршпен бірге қуырыңыз. Ортасын ашып, ішіне бір жұмыртқа жарыңыз. Тұздап, бұрыш қосыңыз. Жұмыртқаның үстіне ірімшік тілімін қойып, үстін жауып 3 минуттай (ірімшік толығымен ерігенге дейін) пісіріңіз. Ыстықтай жеген жақсы. aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР