Домой Теги Дәмді Торттар

Дәмді Торттар

Бұл беттен сіз "Дәмді Торттар" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді торт (2), Дәмді Торттар (2)

Құрмысқа илеуі, торт жасау, торт суреті, Құрмысқа илеуі сурет, Құрмысқа илеуі торты

Құмырсқа илеуі тортын әзірлеу

Құрмысқа илеуі, торт жасау, торт суреті, Құрмысқа илеуі сурет, Құрмысқа илеуі тортыТортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ:
  • Ұн
  • 1 стақан қант
  • 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода
  • 250 г маргарин
  • 2-3 жұмыртқа
  • 1 банка қоюлатылған сүт.
Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз. Құмырсқа илеуі торты Құмырсқа илеуі торты Одан кейін қаңылтыр табаны майлап, оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдын-ала ысытылған духовкаға саламыз. Құмырсқа илеуі торты Құмырсқа илеуі торты Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз. 5 6 Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз. 7 Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араластырамыз. Құмырсқа илеуі торты Қоюлатылған сүтпен жақсылап араластырылған қытырлақ нанды тәрелкеге әдемілеп салып, қоюлатылған сүт қытырлақ нанға сіңуі үшін оны тоңазытқышқа салып қоямыз. 9 10 12 Әдемілік үшін үстіне еріген шоколад құямыз. 12 14 15 Дайын тортты әдемілеп кесіп, қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады :) Ас болсын! Асханада болған Айнұр Ракишева
Медовый торты,жасалу жолы, торт рецепті, дәмді торттар

“Медовый” торты және жасалу жолы

Медовый торты,жасалу жолы, торт рецепті, дәмді торттар Бізге қажетті азық-түлік:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 стакан қант
  • 2 ас қасық бал
  • 100 гр сары май
  • 2 ш.қ. ас содасы
  • 3,5 стакан ұн
  • 200 гр 20% қаймақ
Алдымен жұмыртқаларды, қант пен бал және сары майды араластырып, буға қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Астын өшіріп, сода мен ұнды қосып араластырыңыз да, үстін жауып 45 минуттай жылы жерге қойып қойыңыз. Енді осы қамырды 5-ке бөліп, әрбір зуаланы жуқалап жайыңыз. Қамыр өте жұқа болатындықтан, мен арнайы қағазға қойып, соның үстінде жайдым. Яғни, қамырды алып әуре болмайсыз, қағазбен бірге противеньге қойып пісіресіз. Осылай 5-ін де пісіріңіз. Енді торт ыдысыңызды теріс төңкеріп, қамырдың шеттерін кесіп, тегістейсіз. Артқан қамырды ұнтақтап дайындап қойыңыз. 220 С духовкада 20 минуттай пісіріңіз. Крем үшін: қаймақ пен қантты араластырасыз. Торт нанның арасына крем жағып, торт жинайсыз. Үстіне алдын ала дайындалған ұнтақтан (жаңғақпен араластырсаңыз да болады) сеуіп қойыңыз. Тортты қонағыңыз келгенге дейін тоңазытқышқа қойып қойыңыз. 1 түн тұрса жақсы. Болды, осы-ақ. Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР