Домой Теги дәмді кекс

дәмді кекс

Бұл беттен сіз "дәмді кекс" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді кекс (6), кекс (11), лимон кекс (2)

лимон кекс

Лимон дәмді кекс дайындау

лимон кекс Бізге қажет болады: - 250 гр жұмсартылған сары май - 200 гр қант - 50 гр қант пудрасы - 4 жұмыртқа - 150 гр ұн - 125 гр крахмал - 1 ш.қ. разрыхлитель - 2 лимон цедрасы Глазурь үшін: - 200 гр қант пудрасы - 4 ас.қ. лимон шырыны Ұн + разрыхлитель + крахмалды елеп дайындап қойыңыз. Сары майды түсі ағара бастағанға дейін миксермен араластырыңыз. Қант пен қант пудрасын қосып ары қарай араластырыңыз. Енді бір-бірден жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін жақсылап араластырып тұрыңыз. Миксер жылдамдығын азайтып, ұн қоспасын қосыңыз. Ең соныңда лимон цедрасын қосыңыз. Кекс формаңызды майлап, қамырды құйыңыз. Қамырдың үстін тегістеп, алдын ала қыздырылған 170С духовкада 1 сағаттай пісіріңіз. Жылы кекстің үстіне глазурь (лимон шырыны + қант пудрасы) құйып, суытыңыз. Асыңыз дәмді болсын! лимон кекс Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Какос кекс

Кокос қосылған кекс

Какос кекс Бізге қажет болады: - 1 стакан сгущёнка - 0,5 стакан сүт - 1 жұмыртқа - 6 ас қасық крахмал - 6 ас қасық ұн - жарты стакан кокос талшығы - 1 ш.қ сода - ванилин - үсті үшін қант пудрасы Бәрін араластырыңыз. Ыдысты майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды ыдысқы құйып, 190-200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Дайын кекстті суытып, үстіне елекпен біркелкі етіп қант пудрасын себіңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Лимон шабдалы кексі

Лимон мен шабдалы қосылған кекс

Лимон шабдалы кексі Бізге қажет болады: - 200 гр жұмсартылған сары май - 1 стакан қант - 1 жұмыртқа - 1 лимон цедрасы мен шырыны - 2 стакан ұн - разрыхлитель - ванилин - 3 шабдалы Жұмсартылған май мен қант араластырып миксерлеңіз. Кезек кезегімен жұмыртқа, ванилин, лимон цедра мен шырынын, разрыхлитель қосылған ұн қосып, араластырыңыз. Бір шабдалыны майда төртбұрыштарға тұраңыз. Қамырға қосып араластырыңыз. Қалған екеуін жұқалап жарты шеңбер етіп тұраңыз. Ыдысты майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды ыдысқа біркелкі етіп төгіңіз. Үстін шабдалылармен сәндеп, 220С ыстықта пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
айва қосылған кекс

Айва қосылған кекс әзірлеу

айва қосылған кекс Бізге қажет болады: - 200 гр сары май - 3 жұмыртқа - 1 стакан жылы сүт - 1 стакан қант - 1,5 (2) стакан ұн - разрыхлитель - ванилин - 4 айва - корица - 2 ас қасық лимон суы - 2 стакан су Айваларды аршып жұқалап тілімдеңіз. Суға лимон суын қосып, соның ішінде тұралған айваларды салып пісіріңіз. Піскен айваларды сүзіп алып, корица мен кішкене ғана қант қосып суытыңыз. Сары майды ағарғанша миксерлеңіз. Шамамен 5 минут. Қант қосып, қант толығымен ерігенше миксерлеңіз – тағы 5-7 минут. Жұмыртқаларды біртіндеп қосып араластырыңыз. Сүтті қосыңыз. Еленген ұн мен разрыхлительді + ванилинді бөлек ыдыста араластырыңыз. Бәрін араластырып кекс қоюлығында қамыр жасаңыз. Пісіретін форманы майлап аздап ұн себелеңіз. Айва тілімдерін әдемілеп тізіңіз, оның үстіне қамырдың жартысын төгіңіз да, қалған айваларды тізіңіз. Қалған қамырды үстіне төгіп, 190-200С духовкада үсті қызарып піскенге дейін ұстаңыз. Піскен кексті кем дегенде 30 минут формадан шығармай суытыңыз. Сервис жасар алдында кексті теріс төңкеріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Курага қосылған кекс

Курага қосылған кекс дайындау

Курага қосылған кекс Бізге қажет болады: - 4 жұмыртқа - 1 стакан сұйық май - 1 стакан қант - 1 стакан жылы сүт - 1 стакан майдалап тұралған курага мен мейіз - ұн + разрыхлитель + ванилин Жұмыртқа + май + қант + сүтті көрсетілген кезекте араластырыңыз. Осы қоспадан жарты стакандай бөліп қойыңыз. Қалғанына ұн + разрыхлитель + ванилин + курага мен мейіз қосып араластырыңыз да, 180С духовкада үсті қызарып піскенге дейін пісіріңіз. Піскен кекс үстіне бөліп қойған сүт қоспасын біркелкі етіп төгіңіз. Суытып тілімдеңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
апельсин кекс

Қызыл апельсин қосылған кекс

апельсин кекс Бізге қажет болады:
  • 2 жұмыртқа
  • 1 стакан қант пудрасы
  • 150 гр сары май
  • 1 ш.қ. разрыхлитель
  • жарты стакан жаңғақ
  • қызыл апельсин
Жұмыртқаларды қант пудрасымен жақсылап араластырыңыз. Жұмсарып қалған майды қосыңыз. Тағы да араластырып, ішіне ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Осы сәтте қамыр қоюлау болады (печенье қамыры сияқты). Ішіне апельсин етін салып қосқаннан кейін қамыр керек сұйықтықта бола қалады. Ең соныңда үгітілген жаңғақтарды қосыңыз. Қамырды майланған ыдысқа қойып, 180С үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Үстіне қалауыңыз бойынша қант пудрасын сепсеңіз болады. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР