Домой Теги дәмді көже

дәмді көже

Бұл беттен сіз "дәмді көже" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді көже (2), Ұлттық тағам (2)

Ұлттық тағам, наурыз көже, дәмді көже

Наурыз көже жасаймыз. Ұлттық тағам

Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Наурыз көже дайындау үшін бізге:  - Су Жүгері  -Сүрленген ет\қазы  -Жүгері жармасы - Бидай жармасы  -Тары жармасы Айран  - Айран Тұз  -Тұз
Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.
Наурыз көже Көжені дайындау үшін алдымен сүрленген ет пен қазыны жақсылап жуып (қажетіңізше тұз қоссаңыз болады), 2-2,5 сағат қайнатып қоямыз.
Негізінен көжеге соғымнан арнайы сақталған сүр ет қосылады.
Сұр ет Ет пісіп жатқанда жүгері мен бидайды жуып, қалауыңызша тұз қосып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағаттан кейін тары жармасын саламыз. Наурыз көже   Тары жармасының тез пісетіндігін ескере отырып тарыны салғаннан кейін көжені 15 минуттай ғана қайнатамыз. туралған ет сурет Дайын етті майдалап тураймыз. Ет пен сорпа   Сөйтіп туралған етті сорпасымен бірге дайын көжеге араластырып, суытып қоямыз. Сорпа айран Салқындаған көженің үстіне айран құямыз. Наурыз көже Наурыз көже дайын!
"Наурыз" мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін! Наурыз көже суреті Наурыз көженің видео-нұсқасы:
ыстық көже, ыстық сорпа, дәмді көже, шотландиялық көже, шотландяилық сорпа

Шотландиялық дәмді ыстық көже

ыстық көже, ыстық сорпа, дәмді көже, шотландиялық көже, шотландяилық сорпа
  • 300 гр сиыр еті
  • 2 стақандай жасыл бұршақ
  • бір уыс брокколи
  • көк пияз
  • сарымсақ
  • томат пастасы
  • тұз, бұрыш
  • 50-70 гр күріш
Етті мұздай суға салып қайнатыңыз. Көбігін алып тастауды ұмытпаңыз. Тұздаңыз. Сарымсақ пен көк пияздың ақ жағын турап, майға қуырыңыз. Дайын көк бұршақтан қосып бәрін бірге қуырыңыз. Томат пастасын қосып, талғамға қарай тұздап бұрыштаңыз. Піскен етті сорпасынан шығарып, тураңыз. Туралған етті және қуырылған бұршақты сорпаға қойып пісіріңіз. Дәмін көріңіз, керек болса тағы тұздаңыз. Брокколиді қатты майдалатпай тураңыз да, күрішпен бірге сорпаға қосыңыз (күріш сортына қарай кейін не брокколиден бұрын қосыңыз. Мына жақтың күріштері мега тез піседі екен). Сосын көк пияздың жасыл жағын турап сорпаға қосып, ыстықтай сервис жасаңыз ) Ас болсын! Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР