Домой Теги дәмді бәліштер

дәмді бәліштер

Бұл беттен сіз "дәмді бәліштер" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: бәліш (6), бәліш дайындау (5), бәліш жасау (5), дәмді бәліш (7), дәмді бәліштер (2), дәмді тағам (9)

алхоры бәліш, бәліш жасау, бәліш

Алқоры қосылған бәліш

алхоры бәліш, бәліш жасау, бәліш Бізге қажет болады: Бәліштің қамыры қант пудрасы арқасында жұп-жұмсақ (қаймақ қосқандағыдай) болып шықты. Алқорылардың табиғи қышқылдығы аздап қана сезілді. - 10 алхоры - 150 гр еріген сары май - 3 жұмыртқа - 100 гр қант - 150 гр қант пудрасы - жарты стакан жылы сүт - 13 ас қасық ұн - 1,5 ш.қ. разрыхлитель Алхорыларды жуып дәнегін алып тастыңыз да, жұқалап тілімдеңіз. Жұмыртқаларды қант және қант пудрасымен бірге жақсылап араластырыңыз. Жарты ұныңызды және разрыхлитель қосыңыз. Сүт қосып араластырыңық. Қалған ұнды қосыңыз. Жақсылап майланған формаға аздап ұн сеуіп, қамырды соның ішіне құйыңыз. Үстіне алхорыларды тізіңіз. Енді 2 ас қасық қант сеуіп 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. бәлішАсыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/  
Тунец қосылған, бәліш, дәмді бәліш, бәліс жасау, тунец

Тунец қосылған бәліш жасайық

Тунец қосылған, бәліш, дәмді бәліш, бәліс жасау, тунец Бізге қажетті азық-түлік:
  • 1 стақан ұн
  • 1 ас қасық майда қант
  • жарты ш.қ. тұз
  • 100 гр жылы сүт
  • 1 жұмыртқа (сарысы үстіне)
  • 25 гр сары май
(разрыхлитель қосылған ұн қолданбайтындар, жарты ас қасық ашытқыны сүтке қосып алдын ала дайындап қоюы керек)
  • консервіленген тунец
  • 1 ас қасық майонез
  • қара бұрыш пен аздап қызыл бұрыш
  • осыған аздап аскөк қосылса да жарасады.
Қамырды илеп, жылы жерге кем дегенде жарты сағатқа қойып қою керек. Аз-аз қамырдан алып керек бәліш санына қарай домалақтар жасап алыңыз (менде 8 шықты). Енді әрқайсысын ұзынша етіп жұқалап, аяқ жағынан 1 cм шамасында қалдырып ортасынан пышақпен тіліңіз. Бәліштерге жұмыртқа сарысын жағып шығыңыз. Енді жүрек формасын келтіріп, арасына тунец-майонез-аскөк қоспасын қойып шығыңыз. Үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР