Домой Теги дәмді бәліш

дәмді бәліш

Бұл беттен сіз "дәмді бәліш" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: бәліш (6), дәмді бәліш (7), шабдалы (2), Ұн тағамдары (2)

Шабдалы бәліші

Бүгінгі жазбамда мен сізге өте қарапайым, әрі дәмді шабдалы бәлішін пісірудің жолын үйретемін. IMG_6945 Ингредиенттері:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 1 стақан
  • Қаймақ - 1 стақан
  • Ұн - 1 стақан
  • Қамыр қопсытқыш - 5 гр.(разрыхлитель теста)
  • Шабдалы
IMG_6947 Шабдалы бәлішін пісіру әдісі: Ұн мен қантты тостағанға салып миксермен үлпілдеген үлкен көбік болғанға дейін қопсытып, қаймақ салып жақсылап араластырамыз. Үстінен ұн мен қамыр қопсытқышын салып қасықпен жақсылап араластырамыз. Шабдалыны 1 см-дей көлемде турап, сары май жағылған табаға салып шығамыз да, үстіне дайын сұйық қамырды құямыз. Сөйтіп табаны қызып тұрған пешке салып, дайын болғанша пісіреміз.
Өзіңіздің қалауыңыз бойынша суреттегідей етіп безендірсеңіз болады. Біраз фантазияңызды ойнатып көріңіз :)
IMG_6944 Шабдалы қосылған дәмді бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын :)  IMG_6934 IMG_6939 Асханада болған: RakishevaA :)
алхоры бәліш, бәліш жасау, бәліш

Алқоры қосылған бәліш

алхоры бәліш, бәліш жасау, бәліш Бізге қажет болады: Бәліштің қамыры қант пудрасы арқасында жұп-жұмсақ (қаймақ қосқандағыдай) болып шықты. Алқорылардың табиғи қышқылдығы аздап қана сезілді. - 10 алхоры - 150 гр еріген сары май - 3 жұмыртқа - 100 гр қант - 150 гр қант пудрасы - жарты стакан жылы сүт - 13 ас қасық ұн - 1,5 ш.қ. разрыхлитель Алхорыларды жуып дәнегін алып тастыңыз да, жұқалап тілімдеңіз. Жұмыртқаларды қант және қант пудрасымен бірге жақсылап араластырыңыз. Жарты ұныңызды және разрыхлитель қосыңыз. Сүт қосып араластырыңық. Қалған ұнды қосыңыз. Жақсылап майланған формаға аздап ұн сеуіп, қамырды соның ішіне құйыңыз. Үстіне алхорыларды тізіңіз. Енді 2 ас қасық қант сеуіп 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. бәлішАсыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/  
алма бәліш, бәліш дайындау

Алма-сүзбелі бәліш жасау

img_2982 Бізге қажет болады: - 500 гр сүзбе - толтырмай 1 стакан қант - 1 алма - 3 жұмыртқа - 1 стакандай ұн - 100 гр сары май - 50 гр қант пудрасы - 0,5 ш.қ. разрыхлитель Жұмсарған майды ұн + разрыхлитель + қант пудрасын араластырыңыз. Қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр шығуы керек. Бір ыдыста сүзбе + қант + жұмыртқаларды араластырыңыз. Алманы аршып, төртбұрыштап тураңыз. Форманы майлап, түбіне қамырды қойып тегістеңіз. Осы кезде қамырдың барлығын қолдансаңыз болады, немесе мен сияқты, бір бөлігін үстін сәндеу үшін қалдырсаңыз да болады (бәліштің ең үстіне қамырдан гүл формасын жасап сәндеуге). Енді сүзбелі қоспаны қамырдың үстіне төгіп тегістеңіз. Алмаларды қант пудрасына малып, сүзбелі қоспаның ішіне қойып шығыңыз (кей алмалар өз ауырлығымен батуы мүмкін, еш қам жемеңіз – толығымен түбіне түсіп қалмайды). Енді алдын ала қыздырылған духовкаңызды 180С қойып, бәлішті 40-50 минуттай пісіріңіз. (мен бәліштің піскенін үстіндегі қызара бастаған “гүлге” қарап тұрдым). Жақсылап суытып алып ғана формадан шығарыңыз. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма

Қаймақ қосылған кремді алма бәліші

қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма Бізге қажет болады: Қамырын жасау үшін:
  • 150 гр сары май
  • жарты стакан қаймақ
  • 1,5 стакан ұн
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 4 алма тілімдері
Крем жасау үшін:
  • 1 стакан қаймақ
  • 5 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қ. ұн
Жұмсартылған майға қаймақ қосып араластырыңыз. Енді ұн мен разрыхлительді қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Песенье қамырындай болуы тиіс. Пісіретін ыдысыңызды аздап майлап жіберіп, соның ішіне қамырды тегістеп жайыңыз. Алмаларды аршып, жұқалап тілімдеңіз. Алма тілімдерді қамырдың үстіне тізіңіз. Крем үшін: қаймақты қантпен араластырыңыз. Жұмыртқаны, кейіннен ұнды қосып тағы араластырыңыз. Кремді алмалардың үстіне төгіп, біркелкі жайылуына ерекше назар аударыңыз. 180С духовкада бәліштің үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
жеміс қосылған бәліш

Жеміс бәлішін дайындаймыз

жеміс қосылған бәліш Бізге қажет болады:
  • 50 гр сары май
  • 2 алма
  • 3 шабдалы
  • 4 ас қасық қант
  • аздап корица
  • 1 тәтті сүт
  • 2 жұмыртқа
  • разрыхлитель
  • 7 ас қасық ұн
Алдыменен табада май ерітіп, қантты қайнатыңыз. Енді қабығы аршылып, төртбұрыштап туралған жемістерді қосып 3 минуттай пісіріңіз. Корица қосыңыз. Астын өшіріп, суытыңыз.  Бөлек ыдыста тәтті сүтке 2 жұмыртқа қосып араластырыңыз. Ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Енді, форманы майлап, оның ішіне алдыменен жемістерді, жемістердің үстіне де қамырды төгіңіз. 180-200С духовкада 30 минуттай пісіріңіз. Пісіп піспегенін шұқып тексеріңіз. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
дәмді бәліш, бәліш дайындау

Өрік қосылған тәтті бәліш

дәмді бәліш, бәліш дайындау 120 гр сары майды 150 гр қантпен жақсылап ааластыру керек. Бір бірден 2 жұмыртқаны қосыңыз. 200 гр ұн, 1 ш.қ. разрыхлитель қосып, қамыр илейсіз. Қамырды майланған ыдысқа қойыңыз. Қамырдың үстіне жартыға бқлінген өріктерді тізесіз де, оларды қамырға сәл бастырып қоясыз.  40 минуттай 180С ыстық духовкада пісіру керек. Асыңыз дәмді болсын!
Сүзбе бәліш, бәліш даярлау, бәліш дайындау, дәмді бәліш, піскен бәліш, сүзбе,

Сүзбе қосылған дәмді бәліш

Сүзбе бәліш, бәліш даярлау, бәліш дайындау, дәмді бәліш, піскен бәліш, сүзбе, Бізге қажетті болады:
  1. Сүзбе
  2. Қант
  3. Ванилин ұнтағы
  4. Қатпарлы қамыр:
  • 200 г. - маргарин.
  • 2 стақан - ұн
  • 1/2 стақан - су
  • 1 шәй қасық - қант
  • 1/4 шәй қасық - тұз
Қатпарлы қамырды жасау үшін: бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз. Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз. Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз. Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз. Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз. Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз. Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз. Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз. Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын. Астарыңыз дәмді болсын! Асханада болған Айнұр Ракишева Дереккөз: http://yvision.kz/post/288635

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР