Домой Теги дәмді ас

дәмді ас

Бұл беттен сіз "дәмді ас" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: дәмді ас (3), ет (2), ет жеу (2), фарш (3), қой еті (3)

ет фарш

Еттен рулет жасаймыз

ет фарш Бізге қажет болады: - жарты кг фарш - қара бұрыш, тұз - 2 піскен жұмыртқа - 2 піскен кішігірім сәбіз - 1 жұмыртқаның ағы - 1 тілім нанның жұмсағы - жарты стакан су Етті бұрыштап, тұздаңыз. Нанды суға жібітіп, сүзіп алыңыз да, етке қосыңыз. Араластырыңыз. Ыдысқа фольга төсеп, еттің жартысын төсеңіз. Піскен жұмыртқаны аршып, бүтіндей ортасына қойыңыз. Сәбізді аршып, ұзынша етіп жұқалап тұраңыз да, жұмыртқаның айналасына қойыңыз. Еттің екінші жартысын жұмыртқалардың үстінен жауып, шеттерін бүгіңіз. Еттің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Фольганы нықтап жауып, 220С ыстық духовкада 30-35 минут пісіріңіз. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағам

Палау жасауды үйренейік

Плов жасау, палау жасау, плов, палау, плов етпен, палау етпен, палау күріш, күріш тағамПалау жасау үшін:
  • 1-кг сары сәбіз
  • 2-3 бас пияз
  • 1-кг күріш
  • Пісте майы шамалап
  • 250-300 гр қой еті
  • Тұз
  • Зіре дәм беруші
  • Бояу
Алдымен қазанға май құйып қыздырып, етті турап саламыз. Жақсылап қуырып болған соң, үстіне пияз саламыз. Оны да жақсылап қуырып, ендң сәбізді салып қуырамыз. Біраздан кейін үстіне су құямыз. Орташа отта бұрқылдатып қайнатамыз. Күрішімізді жуып, суға салып жібітіп қоямыз. Қазанға тұзымызды салып, дәміне қараймыз. Күрішімізді салып бетіне зіре бояуымызды саламыз да суы тартылған соң, демдеуге көшеміз. Демдер кезде аздап су құямыз. От орташа болуы тиіс. 15-20 минутта асымыз дайын болады. Міне, бұл нағыз өзбек палауының пісірілуі. Ескерту: пісте май көп болса палау майлы әрі дәмді болады. Асыңыз дәмді болсын! Тағы да палауға қатысты рецептерді мына сілтемеден көруге болады: http://szh.kz/33647
болоньез соус, спагетти, спагетти жасау

Болоньез соус қосылған спагетти жасаймыз.

болоньез соус, спагетти, спагетти жасау - 250 гр фарш - 4 қызанақ - 1 пияз - 1 ас қасық томат - 1 пакет спагетти Спагетти мен балоньез соусын бір уақытта пісірсеңіз, екеуін де ыстықтай ұсына аласыз. Сондықтан алдымен спагетти үшін тұзды су қайнатыңыз. Бөлек табада пиязды майдалап тураңыз да майға қуырыңыз. Фарш қосып, тұздаңыз. Томат қосыңыз. Осы уақытта спагетти үшін қойған суыңыз қайнауы керек – спагеттилерді қайнатыңыз. Қызанақтарды 1-2 минуттай қайнаған ыстық суда ұстап, қабығын аршып тураңыз. Қызанақтарды табаға қойып бәрін жақсылап қуырыңыз. Табаға спагетти қайнатқан судан 1 ожаудай қоссаңыз дәмдірек болады. Артық суды төгіп спагеттиге қалаған майдан қосып араластырыңыз. Үстінен соус қойып, ыстықтай сервис жасаңыз. aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР