Tag: бәліш
Шабдалы бәліші
Бүгінгі жазбамда мен сізге өте қарапайым, әрі дәмді шабдалы бәлішін пісірудің жолын үйретемін.
Ингредиенттері:
Шабдалы бәлішін пісіру әдісі:
Ұн мен қантты тостағанға салып миксермен үлпілдеген үлкен көбік болғанға дейін қопсытып, қаймақ салып жақсылап араластырамыз. Үстінен ұн мен қамыр қопсытқышын салып қасықпен жақсылап араластырамыз.
Шабдалыны 1 см-дей көлемде турап, сары май жағылған табаға салып шығамыз да, үстіне дайын сұйық қамырды құямыз.
Сөйтіп табаны қызып тұрған пешке салып, дайын болғанша пісіреміз.
Шабдалы қосылған дәмді бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын :)
Асханада болған: RakishevaA :)

- Жұмыртқа - 3 дана
- Қант - 1 стақан
- Қаймақ - 1 стақан
- Ұн - 1 стақан
- Қамыр қопсытқыш - 5 гр.(разрыхлитель теста)
- Шабдалы

Өзіңіздің қалауыңыз бойынша суреттегідей етіп безендірсеңіз болады. Біраз фантазияңызды ойнатып көріңіз :)



Алқоры қосылған бәліш


Алма-сүзбелі бәліш жасау

Жеміс бәлішін дайындаймыз

- 50 гр сары май
- 2 алма
- 3 шабдалы
- 4 ас қасық қант
- аздап корица
- 1 тәтті сүт
- 2 жұмыртқа
- разрыхлитель
- 7 ас қасық ұн
Саумалдық қосылып жасалған түрікше бәліштер

- юфка қамыры
- саумалдық (жас немесе тоңдырылған)
- 2 жұмыртқа
- 2 пияз
- дәмдеуіштер мен тұз
- 200 гр брынза (біз cottage cheese қолдандық)
- 2 ас қасық шамасында сұйық май
- 2 ас қасықтай майлылығы көп айран
- 2 ас қасықтай сүт
- кунжут керек

- Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз.
- Саумалдықты да қатты майда қылмай турау керек.
- Табаға 2 ас қасықтай сұйық май құйып, алдымен пиязды қуырып алыңыз. Пияздардың түсі өзгерген кезде, саумалдықты қосып, саумалдықтың көлемі азайғанға дейін пісіру керек.
- Брынза ірімшігін қосыңыз. Тұздап, қалауыңызша түрлі дәмдеуіштерді қосыңыз. Тағы 3-4 минут үнемі араластырып тұрып пісірген соң, табаның астын өшіріп, суытыңыз.
- Бөлек ыдыста жұмыртқаларды араластырыңыз.
- Айран қосыңыз. Айранның майлылығы көп болса жақсы, немесе біздің қаймақты қоссаңыз болады.
- Көз мөлшерімен сүт қосыңыз. Екі ас қасық шамасында болуы керек.
- Сұйық май. Бәрін жақсылап араластырыңыз.
- Егер юфка қолданатын болсаңыздар, оның көлемі біз қолданғанымыздан үлкендеу, сондықтан оны 8-ге бөліп жасау керек. Қамырдың үстіне сүтті қоспаны жағып шығыңыз.
- Енді қамырдың бір шетіне саумалдық қоспадан қойып, орау керек. Не қатты тығыз, не де қатты бос болмауы керек.
- Оралған қамырдың үстіне сүтті қоспадан жағып, енді екі шетін бір біріне қарай орап гүл формасын келтіріңіз.
- Әрбір бәліштің үстіне тағы да сүтті қоспадан жағып, кунжут сеуіп қойыңыз да, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
Юфка қамырынан бәліш жасайық

- 2-3 жапырақ юфка
- 1 жұмыртқа
- жарты кесе сүт
- жарты кесе сұйық май
- 200 гр шамасында фарш
- 1 пияз
- тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер
- тмин