Домой Теги бәліш жасау

бәліш жасау

Бұл беттен сіз "бәліш жасау" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: алма (5), алма бәліш (5), алма десерт (2), бәліш дайындау (5), бәліш жасау (5)

алма бәліш, алма суреті, бәліш суреті, бәліш сурет

Алма бәліш дайындау

алма бәліш, алма суреті, бәліш суреті, бәліш сурет Бізге қажет болады: - 2 алма - 3 жұмыртқа - 1 үлкен лимон - 250 гр ұн - 180 гр сары май - 100 гр қант пудрасы - 1 ш.қ разрыхлитель Алмаларды тазалап, майда төртбұрыштарға тұраңыз. Лимон қабығын майда үккіштен өткізіңіз. Лимон шырынын алмалардың үстіне сығыңыз. Сары маймен қант пудрасын араластырыңыз. Жұмыртқаларды бір-бірден қосыңыз. Ұнмен разрыхлительді араластырып, лимон цедрасымен бірге негізгі қоспаға үнемі араластыра отырып қосыңыз. Ең соңында тұралған алмаларды қосып, қасықпен араластырыңыз. Майланған ыдысқа төгіп, 180С алдын ала қыздырылған духовкада 40 минуттай пісіріңіз. Піскен біліштің үстіне қант пудрасын сеуіп сәндесеңіз да болады. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
алхоры бәліш, бәліш жасау, бәліш

Алқоры қосылған бәліш

алхоры бәліш, бәліш жасау, бәліш Бізге қажет болады: Бәліштің қамыры қант пудрасы арқасында жұп-жұмсақ (қаймақ қосқандағыдай) болып шықты. Алқорылардың табиғи қышқылдығы аздап қана сезілді. - 10 алхоры - 150 гр еріген сары май - 3 жұмыртқа - 100 гр қант - 150 гр қант пудрасы - жарты стакан жылы сүт - 13 ас қасық ұн - 1,5 ш.қ. разрыхлитель Алхорыларды жуып дәнегін алып тастыңыз да, жұқалап тілімдеңіз. Жұмыртқаларды қант және қант пудрасымен бірге жақсылап араластырыңыз. Жарты ұныңызды және разрыхлитель қосыңыз. Сүт қосып араластырыңық. Қалған ұнды қосыңыз. Жақсылап майланған формаға аздап ұн сеуіп, қамырды соның ішіне құйыңыз. Үстіне алхорыларды тізіңіз. Енді 2 ас қасық қант сеуіп 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. бәлішАсыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/  
қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма

Қаймақ қосылған кремді алма бәліші

қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма Бізге қажет болады: Қамырын жасау үшін:
  • 150 гр сары май
  • жарты стакан қаймақ
  • 1,5 стакан ұн
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 4 алма тілімдері
Крем жасау үшін:
  • 1 стакан қаймақ
  • 5 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қ. ұн
Жұмсартылған майға қаймақ қосып араластырыңыз. Енді ұн мен разрыхлительді қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Песенье қамырындай болуы тиіс. Пісіретін ыдысыңызды аздап майлап жіберіп, соның ішіне қамырды тегістеп жайыңыз. Алмаларды аршып, жұқалап тілімдеңіз. Алма тілімдерді қамырдың үстіне тізіңіз. Крем үшін: қаймақты қантпен араластырыңыз. Жұмыртқаны, кейіннен ұнды қосып тағы араластырыңыз. Кремді алмалардың үстіне төгіп, біркелкі жайылуына ерекше назар аударыңыз. 180С духовкада бәліштің үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Шие тосабы, шие вареньесі, тәтті бәліш, бәліш жасау, бәліш рецепті

Шие тосабымен бәліш (пирог) жасап көрейік

Шие тосабы, шие вареньесі, тәтті бәліш, бәліш жасау, бәліш рецепті Бұл тағамды жасау үшін:
  • 0.5 кг ұн
  • 500 гр маргарин
  • 3-4 жұмыртқа
  • 1 кесе құмшекер
  • тұз, ашытқы, мак
  • 1л сүт
  • шие тосабы
Алдымен ұнға маргарин мен жұмыртқа қосып, илейміз. Ұн илеу Әбден езіліп иленгеннен кейін қант, тұз, ашытқыны қосып, жылы сүтпен илейміз. Ашытқы Бәрін илеп болған соң, үстін орамалмен жауып, жылы жерге қойып, қамырды ашытып қоямыз. Әр 30 мин сайын немесе әр ашыған сайын қамырды қайта 2-3 рет илеу керек (қамыр жұмсақ болу үшін) Қамыр ашыды. Жұмсақ, жаюға жақсы болды. Енді қамырдың жартысын кесіп алып, табаға бір келкі қылып жаямыз, үстіне тосап жағамыз. шие, бәліш   Енді оны 30 минутқа көтерілгенінше пеште қалдырамыз. Шие тосабы, шие вареньесі, тәтті бәліш, бәліш жасау, бәліш рецепті Асыңыз дәмді болсын. Жасалу рецепті: aitaber.kz сайтынан алынды.
юфка, қамыр,бәліш, бәліш жасау, қамыр жасау

Юфка қамырынан бәліш жасайық

юфка, қамыр,бәліш, бәліш жасау, қамыр жасау
  • 2-3 жапырақ юфка
  • 1 жұмыртқа
  • жарты кесе сүт
  • жарты кесе сұйық май
  • 200 гр шамасында фарш
  • 1 пияз
  • тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер
  • тмин
Алдымен пиязды турап жіберіп, фаршпен бірге майға қуырып алыңыз. Тұздап, қалаған дәмдеуіш қосыңыз. Мен қара мен қызыл бұрыш, аздап кептірілген аскөк және 1 ас қасық томат қосып қуырдым. Орта кесеге бір жұмыртқаны жарып аздап тұзбен араластырыңыз. Ет те тұздалатын болғандықтан өте аз тұз қосыңыз. Негізінен 2 жапырақ юфка үшін жарты жұмыртқа (сарысы не болмаса ағы) да жетіп қалу керек. Үстінен жарты кесе сүт пен жарты кесе сұйық май қосыңыз. Енді қоспаны араластырыңыз да, пісіретін ыдысты сонымен майлаңыз. Кесе = шәй кесесі, жарты кесе шамамен 100 гр болады. Майланған ыдысқа юфканың бір жапырағын төсеңіз. Шеттері ыдыстан шығып тұруы керек. Екінші жапырақты суреттегідей бірінші юфканың үстіне ірілеп қолмен үзіп қойыңыз. Бәліштің асты қалыңрақ болсын мақсатымен солай жасаймын. Енді қуырылған етті қойыңыз. Еттің бәрін қойсаңыз да болады, әр юфканың үстіне аз-аздан ет салып тұрсаңыз да болады. Тіпті бір юфканың үстіне аздап піскен картоп салып, екіншінің үстіне ет қойсаңыз болады. Ыдыстың шеттеріне шығып тұрған қамырды еттің үстіне орап жабыңыз. Жұмыртқалы қоспаның бәрін  бәліштің үстіне біркелкі етіп төгіңіз. Қалауыңызша үстіне кунжут немесе тмин себіңіз. 200С ыстық духовкада 30-40 минут пісіріңіз. Бәлішті тұрамас бұрын аздап суытып алған жақсы. Бірақ қатты суытып жібермеңіз. Бұл бәлішті ыстықтай жеген жақсы.  Өйткені ыстық кезде қытырлақ болады. Бәліштің қасына айран жақсы болады. Дереккөз: aspazdik.com

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР